Перейти к тексту документа

Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылына ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы

Иной акт · № 227/11 · принят 22.11.2007
Юридическая сила: Действует · редакция от 22.11.2007
https://adilet.kz/ru/laws/doc-36032/
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылына ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы Действует Иной акт ·№ 227/11 ·22.11.2007

Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылына ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы

ҚАЗШарбақты селолық округінің Шарбақты ауылына ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы

Действует Иной акт ·№ 227/11 · принят 22.11.2007

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылына ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы
Наименование (каз.)
Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылына ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
227/11
Дата принятия
22.11.2007
Показанная редакция
22.11.2007 · действующая 36032_236843.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
22.11.2007
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V07PI012950
Идентификатор ЭКБ
36032
Идентификатор редакции
36032_236843
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 14:47

0 Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылына ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасына 2002 жылғы 10 маусымдағы «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9 тармақшасына және 27 бабына сәйкес Лебяжі ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының ұсынысы негізінде, ірі қара малдың сарып ауруын жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Лебяжі ауданының Шарбақты селолық округінің Шарбақты ауылына ірі қара малдың сарып ауруы бойынша шектеу салынсын.

2 2. Шарбақты селолық округінің әкімі:

ауыл шаруашылығы малдарын басқа аймаққа айдау, жеткізу, әкелу, әкетуге;
сүт өнімдерін әзірлеу, сату және ауылдан шығаруға;
басқа шаруашылықтарға шығару үшін шөп және басқа дақылдарды дайындауға;
ауыл шаруашылығы көрмелері мен жәрмеңкелерін өткізуге шектеу салу бойынша шаралар қабылдансын.

3 3. Мемлекеттік ветеринарлық инспекторы (келісім бойынша) селолық округ әкімімен бірлесе ауру малдарды жекелеу шараларын қабылдансын және карантин қадағалау орындарындағы құрал – жабдықтарға үнемі бақылау жүргізсін.

4 4. Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік санитарлы – эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басқармасы (келісім бойынша) селолық округ тұрғындары арасында сарыпты ескерту және оның алдын алу шараларын қамтамасыз етсін.

5 5. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Дубовицкийге жүктелсін.