Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 16
- Дата принятия
- 25.01.2008
- Показанная редакция
- 23.01.2009 · действующая AI37351_1.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 23.01.2009
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08DM000061
- Идентификатор ЭКБ
- 37351
- Идентификатор редакции
- AI37351_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:09
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 4-5)-тармақшасына және 18-1-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру ұсынатын жұмысберушілерді іріктеу Тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміәлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шартқа отыруға уәкілетті болып саналсын.
3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар белімі:
1 1). халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу жүзеге асырылсын;
2 2). 2008 жылға арналған ауданның бюджетінде көзделген қаражатшегінде жұмыс берушінің еңбегіне төлеген шығынның ішінара төлемі өтелсін;
3 3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара өтемақысының мөлшері ең төменгі еңбек жалақысы көлемінде екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.
4 4. Аудандық қаржы бөліміне әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша қаражатты уақытымен бөлінуін қамтамасыз етсін.
5
5. Кербұлақ аудандық әділет басқармасында нормативтік құқықтықактілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 12 ақпанында N 2-13-41 болып тіркелген (аудандық "Кербұлақ жұлдызы" басылымында 2007 жылы ақпан айының 16 күні N 7 санында жарияланған), аудан әкімдігінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 11 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әбдіқадыровқа жүктелсін.
7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
11 Кербұлақ ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 25 қаңтарындағы
"Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы"
N 16 қаулысымен бекітілген
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1-бабына сәйкес жасалды.