Перейти к тексту документа

«Аманкелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Постановление · № 37 · принят 21.01.2008
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 21.01.2008
https://adilet.kz/ru/laws/doc-37671/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
«Аманкелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы Утратил силу Постановление ·№ 37 ·21.01.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

«Аманкелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

ҚАЗ«Аманкелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Утратил силу Постановление ·№ 37 · принят 21.01.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
«Аманкелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Наименование (каз.)
«Аманкелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
37
Дата принятия
21.01.2008
Показанная редакция
21.01.2008 · действующая 37671_288330.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
21.01.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08NF000071
Идентификатор ЭКБ
37671
Идентификатор редакции
37671_288330
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 14:12

0 «Аманкелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Аманкелді ауданының Құрметті азаматты» атағын беру туралы Нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Аманкелді ауданының Құрметті азаматты» атағын беру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы № 28 шешімі жойылсын.

3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 «Аманкелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру НҰСҚАУЛЫҒЫ

Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 21 қаңтардағы
№ 37 шешіміне
қосымша
«Аманкелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ

1 1. Кіріспе

1 1. «Аманкелді ауданының Құрметті азаматы» атағы мыналарға беріледі:

1 1) «Отан қорғауда жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған Аманкелді ауданының тұрғындары және тума азаматтары»;

2 2) өзі еңбек еткен кезенде ауданның дамуына айрықша елеулі үлес қосып, ауылдастырының қадіріне бөленген, еңбекке деген кіршіксіз адал және шығармашылық қөзқарасы, қоғамдық өмірдегі, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі белсенді әрекеті үшін, аудан халқының алдында жоғары бедел және құрметке ие болған;

3 3) ауданның экономикалық өсуі, әлеуметтік дамуына себепкер болған инновациялық қызмет пен озық технологияны енгізгені үшін Аманкелді ауданының қаржылық өнеркәсіп, жеке кәсіпкер және аграрлық секторының дамуына түпкілікті ықпал еткен масштабтық инвестицияларды тартқан басқа жерде тұратын азаматтар.

2 2. «Аманкелді ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы аудан әкімі аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізеді.

3 3. «Аманкелді ауданының Құрметті азаматты» атағы аудандық мәслихаты сессиясының шешімімен беріледі, шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

4 4. «Аманкелді ауданының Құрметті азаматына» құрмет Дипломы мен арнайы лента табыс етіледі.

2 2. «Аманкелді ауданының Құрметті азаматты» атағын беру тәртібі

5 5. Аудан әкімінің атақ берілетін үміткерлер туралы ұсынысы аудандық мәслихатқа атақ берілгенге дейін бір ай бұрын берілуі керек.

Аудан әкімі ұсынылатын үміткерлер туралы аудандық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1 1) өмірбаяны туралы мәлімет;

2 2) үміткердің Аманкелді ауданына ерекше еңбек сіңіргеніне куә болатын құжаттары;

3 3) жиналыс, конференцияның, азаматтар жиналысының ұсынысы туралы хаттамасы.

6 6. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысы атақ алушыға: құрмет дипломы мен арнайы лентаны тапсырады.

7 7. «Аманкелді ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болғандар Аманкелді селосындағы аудандық мұражайдағы «Құрмет кітабына» тіркелді және олардың суреттері аудан орталығында «Құрмет аллеясына» ілінеді.

8 8. Құрмет дипломдарының, арнайы ленталардың шығындарын қаржыландыру аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.