Перейти к тексту документа

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Постановление · № 414 · принят 22.02.2007
Юридическая сила: Утратил силу · по состоянию на 23.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/doc-3815/on/2026-08-23/
Напечатано 2026-08-24 · adilet.kz
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы Утратил силу Постановление ·№ 414 ·22.02.2007
Редакция от 02.02.2012
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.
Редакция, действовавшая на 23.08.2026: от 02.02.2012. Это последняя редакция в корпусе.

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Утратил силу Постановление ·№ 414 · по состоянию на 23.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы
Наименование (каз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
414
Дата принятия
22.02.2007
Показанная редакция
02.02.2012 · действующая AI3815_1.kaz
Последнее изменение
02.02.2012
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V07UJ000064
Идентификатор ЭКБ
3815
Идентификатор редакции
AI3815_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 16:02

0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1-тармақшасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандағы меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілеріне мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.

2 2. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Алимханов) мекеме және кәсіпорындарда мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасының орындалуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Асқаровқа жүктелсін.

Действующая