Төңкеріс селолық округіндегі Шөптікөл елді мекенінде жұқпалы бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
ҚАЗТөңкеріс селолық округіндегі Шөптікөл елді мекенінде жұқпалы бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Төңкеріс селолық округіндегі Шөптікөл елді мекенінде жұқпалы бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Төңкеріс селолық округіндегі Шөптікөл елді мекенінде жұқпалы бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 98
- Дата принятия
- 20.03.2008
- Показанная редакция
- 20.03.2008 · действующая 38991_327810.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 20.03.2008
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08ZL000056
- Идентификатор ЭКБ
- 38991
- Идентификатор редакции
- 38991_327810
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:50
0 Төңкеріс селолық округіндегі Шөптікөл елді мекенінде жұқпалы бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағындағы 9 тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағындағы 18 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Теректі ауданының аумақтық басқармасының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Төңкеріс селолық округіндегі Шөптікөл елді мекеніндегі «Махорин» шаруа қожалығындағы ірі қара және ұсақ мүйізді малдар арасында жұқпалы бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жануарлар арасында жұқпалы бруцеллез аурудың ошағын жою және тарауын болдырмау мақсатында, Төңкеріс селолық округіндегі Шөптікөл елді мекенінде жануарлар арасында жұқпалы бруцеллез ауруының шығуына байланысты, осы елді мекенді қолайсыз деп жариялап, карантин белгілену ұсынылсын;
2 2. Төңкеріс селолық округінің әкіміне (Б.К.Бигеева) мен «Махорин Г.В.» шаруа қожалығының басшысына (Г.В.Махорин) ұсынылсын:
1 1) Ауылшаруашылығы малдарын жұқпалы бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринарлық-санитарлық және арнайы шараларды өткізуді ұйымдастыру және қолдау көрсету ұсынылсын;
2 2) Сабан, пішен және де басқа мал азықтарын дайындауға тиым салу ұсынылсын;
3 3) Мал және адамдардың топтасуына байланысты ветеринариялық шаралар өткізуге тиым салу ұсынылсын.
3 3. Теректі аудандық аумақтық басқармасының мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бөлімінің бастығына (Ә.Қазиев) малдардың жұқпалы ауруын таратуын болдырмау және эпизотиялық ошағын жою мақсатында кешенді мал дәрігерлік шаралар ұйымдастыру ұсынылсын;
4 4. Теректі аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (А.Е.Бойко) тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу ұсынылсын;
5
5. Теректі аудандық аумақтық басқармасының мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бөлімінің бастығына (Ә.Қазиев), Теректі аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (А.Е. Бойко), «Теректі ауданының Федоров аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудан тұрғындарына түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырылу ұсынылсын.