Перейти к тексту документа

Үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу турал

Постановление · № 44-қ · принят 03.03.2008
Юридическая сила: Действует · редакция от 03.03.2008
https://adilet.kz/ru/laws/doc-39216/
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
Үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу турал Действует Постановление ·№ 44-қ ·03.03.2008

Үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу турал

ҚАЗҮйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы

Действует Постановление ·№ 44-қ · принят 03.03.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу турал
Наименование (каз.)
Үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
44-қ
Дата принятия
03.03.2008
Показанная редакция
03.03.2008 · действующая 39216_303882.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
03.03.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08MG000001
Идентификатор ЭКБ
39216
Идентификатор редакции
39216_303882
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 13:55

0 Үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларды материалдық

қамтамасыз ету үшін әлеуметтік
көмек тағайындау және төлеу
туралы
Қазақстан Республикасының 28.01.2001 жылғы №48 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 13.04.2005 жылғы №39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, үйде тәрбиеленіп және оқитын он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Көмек он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды жалпы немесе орта арнаулы мектепке дейінгі мекемелерде және оқу орындарында оқыту және тәрбиелеу мүмкін болмаған жағдайда тағайындалады. Көмек психологиялық – медициналық, педагогикалық кеңестің (бұдан әрі ПМПК) анықтамасында белгіленген оқу жылына ата- аналарының біреуіне немесе қамқоршысына өтініш берген айынан бастап төленеді.

2 2. Көмек мөлшері жыл сайын статистика органдары, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі ұcынған әдістеме бойынша тұтыну құнының инфляция индексін есепке ала отырып белгіленеді.

3 3. Көмектің тағайындалуы мен төленуіне уәкілетті орган – «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Уәкілетті орган).

4 4. Бір жолғы көмек төлеу Агенттік келісім бойынша алушылардың тізімі негізінде екінші деңгейдегі Банктер мен Қазпошта филиалдары арқылы жүргізілсін.

5 5. Көмек алуға құқығы бар азаматтар тұратын жері бойынша қажетті құжаттармен уәкілетті органға арыз береді. Арызға қоса мына құжаттар тапсырылады:

- Халықты әлеуметтік қорғау орталық атқарушы органының аумақтық бөлімшесінен мүгедектігі туралы анықтама;
- ПМПК анықтамасы (түпнұсқасы);
- баланың тууы туралы куәлігі;
- тұрғындарды есепке алу кітабы;
- өтініш берушінің жеке куәлігі;
- өтініш иесінің салық төлеушінің тіркелу нөмері (СТТН)
Құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі ұсынылады. Салыстырылып тексеруден кейін құжаттардың түпнұсқасы арызданушыға қайтарылады.

6 6. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін 10 күн ішінде біржолғы көмекті тағайындау мен төлеу туралы шешім қабылдайды.

7 7. Өтініш беруші азаматтар ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына толықтай жауап береді. Төлем жүргізілгеннен кейін әлде-бір заң бұзушылық немесе шүбәлі мәліметтер анықталған жағдайда, заңсыз төленген сома заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғалардан өндіріліп алынады.

8 8. Әлеуметтік көмек өтініш берушінің тұратын жері бойынша аударылады.

9 9. Уәкілетті орган тоқсан сайын белгіленген нысанда жасалған есебінде Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментіне және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тағайындалған және төленген әлеуметтік көмек сомасы туралы мәлімдеме береді.

10 10. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ж.Тұманбаева) үйде тәрбиеленіп және оқитын он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмекті уақытында аудару мен игеруді қамтамасыз етсін.

11 11. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Әбіловке жүктелсін.

12 12. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Ж.Тұманбаева
2008 жыл