Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
ҚАЗМұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Наименование (каз.)
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 10-395
- Дата принятия
- 21.04.2008
- Показанная редакция
- 08.06.2009 · действующая AI39943_1.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 08.06.2009
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08DA000083
- Идентификатор ЭКБ
- 39943
- Идентификатор редакции
- AI39943_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:35
0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 2-бабы 1-тармағына, Талдықорған қалалық мәслихатының 2008 жылдың 14 сәуірдегі "2007 жылғы 14 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2008 жылғы бюджеті туралы" N 26 шешіміне өзгерістер туралы N 46 шешімін (2008 жылдың 22 сәуірінде Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2-1-77, "Талдықорған" газетінің 2008 жылдың 25 сәуірдегі 17 нөмірінде жарияланды), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылдың 21 қыркүйегіндегі N 09-01-17/5871 хатын орындау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ш.Мұхаметжан) ұн және нан өнімдерінің бағасы өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарынан, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2008 жылдың 01 сәуірінен ай сайын әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
2 2. "Талдықорған қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Р.Мәженов) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3
3. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қарашадағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 31-2461 (Талдықорған қаласының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 28 қарашадағы тіркелген нөмірі 2-1-57, "Талдықорған" газетінің 30 қарашасындағы 48 нөмірінде жарияланды) каулысының күші жойылды деп танылсын.
4. 0сы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л. Базарқұловаға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.