Ірі қара малының «Құтыру» ауруының шығуына байланысты Тереңкөл ауылдық округінің «Миняж» нүктесіне шектеу белгілеу туралы
ҚАЗІрі қара малының «Құтыру» ауруының шығуына байланысты Тереңкөл ауылдық округінің «Миняж» нүктесіне шектеу белгілеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ірі қара малының «Құтыру» ауруының шығуына байланысты Тереңкөл ауылдық округінің «Миняж» нүктесіне шектеу белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Ірі қара малының «Құтыру» ауруының шығуына байланысты Тереңкөл ауылдық округінің «Миняж» нүктесіне шектеу белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 173
- Дата принятия
- 20.05.2008
- Показанная редакция
- 20.05.2008 · действующая 40072_320632.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 20.05.2008
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08ZH000064
- Идентификатор ЭКБ
- 40072
- Идентификатор редакции
- 40072_320632
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:27
0 Ірі қара малының «Құтыру» ауруының шығуына байланысты Тереңкөл ауылдық округінің «Миняж» нүктесіне шектеу белгілеу туралы
Аудан көлемінде ірі қара малдарынан құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу салу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас ветеринариялық инспекторының 2008 жылы 14 мамырдағы ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдедегі № 339-11 «Ветеринария туралы» Заңының 10, 26, 27 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148- II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сүйене отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тереңкөл ауылдық округінің, Миняж нүктесінде ірі қара малының құтыру ауруы шығуына байланысты ауру ошағы деп танылғандықтан шектеу белгіленсін.
2
2. Ауру ошағы табылған Миняж нүктесіне шектес жатқан елді-мекендерге аурудың таралмауының алдын-алу шараларын жүзеге асыру Тереңкөл ауылдық округінің әкіміне /С.Абулхаликов/ және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясына (Н.И.Құтхожин келісім бойынша) тапсырылсын.
3 3. Миняж нүктесінен мал өнімдерін шығаруға және басқа жерден әкелуге тиым салынсын.
4
4. Казталов аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы /Т.Хайдаров келісім бойынша/ және Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің «Казталов ауданының Казталов аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны /Қ.Е.Алтаев келісім бойынша/ ауырған малдармен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, тиісті шараларын алсын.