Перейти к тексту документа

Дайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының, Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Постановление · № 412 · принят 25.07.2008
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 28.08.2009
https://adilet.kz/ru/laws/doc-40971/
Напечатано 2026-08-20 · adilet.kz
Дайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының, Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы Утратил силу Постановление ·№ 412 ·25.07.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Дайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының, Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

ҚАЗДайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының, Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Утратил силу Постановление ·№ 412 · принят 25.07.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Дайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының, Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Наименование (каз.)
Дайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының, Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
412
Дата принятия
25.07.2008
Показанная редакция
28.08.2009 · действующая AI40971_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
28.08.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08VK000081
Идентификатор ЭКБ
40971
Идентификатор редакции
AI40971_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 13:02

0 Дайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының, Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Дайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының, Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдары арасынан жоспарлы серологиялық тексеріс барысында бруцеллез ауруына оң таңба беруіне байланысты аудандық бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2008 жылғы 9 шілдедегі № 146 ұсынысын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағынының 9) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2008 жылғы жоспарлы серологиялық тексеріс қорытындысы бойынша Дайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан 33 бас, Сартерек ауылдық округіне қарасты Сартерек ауылы тұрғындарының қой-ешкі малдарынан 46 бас бруцеллез ауыруына оң таңба беруі негізінде (сараптау актілері № 1012-1/07-2008 ж, № 1067-07/07-2008 ж) Дайыр ауылдық округіне қарасты Көкжыра ауылында, Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылында қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.

2 2. Аурудың алдын алу және ошағын жою үшін Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26-бабының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар ұйымдастырылсын.

3 3. Аудандық ауыл шаруашылық беліміне (М. Уәли) «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 2, 7, 8 тармақшаларында көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыру жүктелсін.

4 4. Аудандық ауыл шаруашылык бөліміне (М. Уәли) «Ветеринария туралы» Заңының 32-бабының 1-тармағында көрсетілген 2008 жылғы төлдерді бірдейлендіру жұмыстары Сартерек ауылдық округінің Сартерек ауылында және Дайыр ауылдық округінің Көкжыра ауылында жедел ұйымдастырылсын.

5 5. Дайыр, Сартерек ауылдық округтерінің әкімдері (С. Молдашев, Г. Сержбаева) «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының орындалуын ұйымдастырсын.

6

6. Аудандық ауыл шаруашылық бөліміне, Дайыр, Сартерек ауылдық округі әкімдеріне, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясына (Т. Молдаханов келісім бойынша), індет ошағындағы мал иелерімен, мүдделі мекемелермен бірлесіп бруцеллез ауыруына қарсы ұйымдастыру шараларын ветеринариялық, санитарлық-эпидемиологиялық және арнайы шараларды жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына сәйкес, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылсын.

7 7. Дайыр, Сартерек ауылдық округтерінің әкімдеріне індетке шалдыққан малдарды жоюға арналған орындарды дайындау міндеттелсін.

8 8. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы Зайсан ауданы бойынша бөлімнің бастығына (А. Қомшабаева келісім бойынша), індет ошағындағы адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізуді, аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру ұсынылсын.

9

9. Шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа қой-ешкі малдары мен кой-ешкі малдары өнімдерін, шикізаттарын аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз шығаруға, алып келуге тиым салынсын, аталған шараларды атқаруға тиісті көмек көрсету аудандық ішкі істер бөліміне (Н. Тугелов келісім бойынша) ұсынылсын, ауылдық округі әкімдеріне тапсырылсын.

10 10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

11 11. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.