Перейти к тексту документа

Үйден оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы

Постановление · № 276 · принят 11.07.2008
Юридическая сила: Действует · редакция от 11.07.2008
https://adilet.kz/ru/laws/doc-41049/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Үйден оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы Действует Постановление ·№ 276 ·11.07.2008

Үйден оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы

ҚАЗҮйден оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы

Действует Постановление ·№ 276 · принят 11.07.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Үйден оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы
Наименование (каз.)
Үйден оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
276
Дата принятия
11.07.2008
Показанная редакция
11.07.2008 · действующая 41049_318128.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
11.07.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08MF000063
Идентификатор ЭКБ
41049
Идентификатор редакции
41049_318128
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 13:06

0 Үйден оқытылатын мүгедек балаларға

материалдық көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 23.01.2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 13.04.2005 жылғы № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек үйде оқытылатын балаларға оларды жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі мекемелерде және оқу орындарында тәрбиелеуді және оқытуды жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға (қамқоршыға) психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультацияның (бұдан әрі-ПМПК) анықтамасының негізінде материалдық көмек (бұдан әрі-Көмек) көрсетіледі.

2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі-Уәкілетті орган) болып табылады.

3 3. Көмекті тағайындауға қажетті құжаттар Қосымшаға сәйкес белгіленеді және құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларымен қоса ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады.

4 4. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен құжаттарының дұрыстығына толық жауаптылық тартады. Төлем жүргізілгеннен кейін деректердің анық еместігі айқындалған жағдайда, заңсыз төленген сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі адамдардан өндіріледі.

5 5. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде табыс етілген құжаттардың негізінде Көмекті тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

6 6. Көмек аудандық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төленеді.

7 7. Көмектің дұрыс тағайындалып, мезгілінде төленуіне Уәкілетті орган жауаптылық тартады.

8 8. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.

9 9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Қани С.Қ____________
Аудандық экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімінің бастығы
11.06.2008 жыл
Шүкірбаева Д.С____________
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
11.06.2008 жыл

10 Үйден оқытылатын мүгедек балаларға

материалдық көмек көрсету туралы
аудан әкімдігінің
№ 276 қаулысына қосымша
Көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізімі:

1 1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінен мүгедектігін белгілеу туралы анықтаманың көшірмесі;

2 2) ПМПК-ның анықтамасы;

3 3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

4 4) тұрғындар есебі кәтабының көшірмесі;

5 5) арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

6 6) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;