Перейти к тексту документа

Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы

Иной акт · № 10/123 · принят 19.12.2008
Юридическая сила: Действует · редакция от 22.12.2008
https://adilet.kz/ru/laws/doc-43638/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы Действует Иной акт ·№ 10/123 ·19.12.2008

Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы

ҚАЗАзаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы

Действует Иной акт ·№ 10/123 · принят 19.12.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы
Наименование (каз.)
Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
10/123
Дата принятия
19.12.2008
Показанная редакция
22.12.2008 · действующая AI43638_0.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
22.12.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08ME000068
Идентификатор ЭКБ
43638
Идентификатор редакции
AI43638_0
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:22

0 Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және 1997 жылғы 16 сәуірдегі Тұрғын үй қатынастары туралы Заңының 97-бабының 1-тармағының 1-2 тармақшасына және 2-тармағына , Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Азаматтардың жекелеген санттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі бекітілген.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

Келісілді:
Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
мемлекеттік мекемесінің бастығы
19.12.2008 жыл.

3 Аудандық мәслихаттық

2008 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 10/123 шешімімен бекітілген
қосымша
Азаматтық жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

1

1. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі ) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, мүгедектегі бойынша мемлкеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, жалғызілікті зейнеткерлерге көрсетіледі.

2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.

3 3. Тұрғын үй көмегі Маңғыстау аудандық зейнетақы төлеу орталығының жасақтаған алушылар тізімдері негізінде ай сайын тағайындалады.

4 4. Уәкілетті орган ай сайын тапсырылған құжаттардың негізінде тұрғын үй көмегін алушы жалғызілікті зейнеткерлердің тізімін жасақтайды.

Жалғызілікті зейнеткерлерге тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар:

1 1)Жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесі ;

2 2)Салық төлеушінің тіркелу нөмірі;

3 3)Тұрғындар есебі кітабының көшірмесі ;

4 4)Зейнетақы алушы кітапшасының көшірмесі;

5 5. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен құжаттарының дұрыстығына жауаптылықта болады. Төлем жүргізілгеннен кейін деректердің анық еместігі айқындалған жағдайда, заңсыз төленген сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі адамдардан өндіріледі.

6 6. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төленеді.

7 7. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалып, мезгілінде төленуіне Уәкілетті орган жауаптылықта болады.

8 8. Алушылар тізімдерінің дұрыс және мезгілінде жасақталуына Маңғыстау аудандық зейнетақы тағайындау орталығы жауаптылықта болады.