Перейти к тексту документа

Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

Постановление · № 24 · принят 12.01.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 18.01.2010
https://adilet.kz/ru/laws/doc-43891/
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы Утратил силу Постановление ·№ 24 ·12.01.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

ҚАЗХалықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

Утратил силу Постановление ·№ 24 · принят 12.01.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
24
Дата принятия
12.01.2009
Показанная редакция
18.01.2010 · действующая AI43891_2.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
18.01.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09NO000099
Идентификатор ЭКБ
43891
Идентификатор редакции
AI43891_2
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:03

0 Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7–баптарына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабын басшылыққа алып, Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы топтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.

3 3. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 292 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-69, "Меңдіқара үні" аудандық газетінде 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 5 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Халықтың нысаналы топтарының ТІЗБЕСІ

Әкімдіктің
2009 жылғы 12 қаңтардағы
№ 24 қаулысымен бекітілген
Халықтың нысаналы топтарының
ТІЗБЕСІ

1 1. Аз қамтылғандар.

2 2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.

3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар.

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.

5 5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар.

6 6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).

7 7. Мүгедектер.

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.

9 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) ықтиярсыз емдеу орындарынан босатылған адамдар.

10 10. Оралмандар.

11 11. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).

12 12. Елу жастан асқан адамдар.

13 13. Бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері.

14 14. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.

15 15. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.

16 16. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі жұмыссыз жастар.

17 17. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар.

18 18. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның жойылуына немесе жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқаруына байланысты босатылған адамдар.