Перейти к тексту документа

Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

Постановление · № 45 · принят 19.03.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 28.10.2009
https://adilet.kz/ru/laws/doc-44977/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы Действует Постановление ·№ 45 ·19.03.2009

Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

ҚАЗАудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

Действует Постановление ·№ 45 · принят 19.03.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
45
Дата принятия
19.03.2009
Показанная редакция
28.10.2009 · действующая 44977_175686.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
28.10.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09NF000089
Идентификатор ЭКБ
44977
Идентификатор редакции
44977_175686
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:33

0 Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының қатарына жататын тұлғалардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру шараларын ескерсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.

5 Аманкелді ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 19 наурыздағы
№ 45 қаулысына қосымша
Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарға
жататын тұлғалардың тізбесі

1 1. Табысы аз адамдар;

2 2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7. Мүгедектер;

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10. Оралмандар;

11 11. Ұзақ мерзім жұмыс істемеген адамдар;

12 12. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жатады;

13 13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

14 14. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

15 15. алынып тасталсын.