Перейти к тексту документа

"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы

Положение · № 146 · принят 27.03.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 06.12.2012
https://adilet.kz/ru/laws/doc-45334/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы Утратил силу Положение ·№ 146 ·27.03.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы

ҚАЗ"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы

Утратил силу Положение ·№ 146 · принят 27.03.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
Наименование (каз.)
"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
146
Дата принятия
27.03.2009
Показанная редакция
06.12.2012 · действующая 45334_215849.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
06.12.2012
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09L0004225
Идентификатор ЭКБ
45334
Идентификатор редакции
45334_215849
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:31

0 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қызылорда облыстық мәслихатының

2009 жылғы 26 маусымдағы
N 162 шешіміне қосымша
"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесі

1

1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру - қоғамдық өмірдің салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірген мемлекет және қоғам, ғылым, мәдениет және әдебиет, өнер қайраткерлерін еліміздің, облыстың (қаланың, ауданның) игілігі жолындағы көп жылғы қызметін мадақтаудың бір түрі болып табылады.

2

2. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы (бұдан әрі - атақ) Қазақстан Республикасының, облыстың (қаланың, ауданның) экономикалық-әлеуметтік, мәдени-рухани, өнер, ғылым салаларының дамуына, қайырымдылық жасау қызметінде үлгі көрсетіп, азаматтар мен жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға қосқан қомақты үлесі мен ерекше жетістіктер үшін облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат шешімімен беріледі.

3 3. Атақ облыс (қала, аудан) аумағында тұрмайтын азаматтарға да берілуі мүмкін.

3-1 3-1. "Облыстың құрметті азаматы" атану тиісінше аудандардың және Қызылорда қаласының құрметті азаматы болумен барабар. Сондықтан, "Облыстың құрметті азаматы" атағын алған адам аудандардың, Қызылорда қаласының құрметті атағына ұсынылған кезде осы жағдайлар ескеріледі.

4 4. Құрметті атаққа ие болған адамға куәлік, төсбелгі беріледі және оның есімі облыстық (қалалық, аудандық) тарихи-өлкетану мұражайында сақталатын "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары" кітабында енгізіледі.

5 5. Куәлікті, төсбелгіні, "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары" кітабын жобалау және жасап шығару облыс (қала, аудан) әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясына жүктеледі.

6 6. Атаққа кандидатураларды меншік нысанына қарамастан тиісті орган, мекеме, кәсіпорын, ұйым, бірлестік, серіктестіктер ұсына алады. Келген ұсынымдар облыс әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясының қарауына жолданады.

7 7. Облыс (қала, аудан) әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясының қарауына атаққа ұсынылған кандитураға мінездеме беріледі. Онда өндірістік, шығармашылық, қайырымдылық жұмыстардағы нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер, наградалары көрсетіледі.

8 8. Атаққа ұсынылған кандидатураларға ұсыныс пен мінездеме, 3х4 және 6х9 көлемдегі екі сурет алдын ала қарау үшін облыс (қала, аудан) әкімінің жанындағы комиссияға тапсырылады.

9 9. Облыс (қала,аудан) әкімінің жанындағы марапаттау комиссиясының қорытындысын ескере отырып, облыс (қала, аудан) әкімі кандидатураны облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатқа ұсынады.

10 10. Куәлікті және төсбелгіні облыс (қала, аудан) әкімі, облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың хатшысы салтанатты жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен тапсырады.