Перейти к тексту документа

Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Иной акт · № 16-3 · принят 22.04.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 30.07.2012
https://adilet.kz/ru/laws/doc-45724/
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Утратил силу Иной акт ·№ 16-3 ·22.04.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗАудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 16-3 · принят 22.04.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Наименование (каз.)
Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
16-3
Дата принятия
22.04.2009
Показанная редакция
30.07.2012 · действующая AI45724_5.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
30.07.2012
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09ZH000087
Идентификатор ЭКБ
45724
Идентификатор редакции
AI45724_5
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:19

0 Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Аудан әкімінің берген ұсынысын қарап, халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне көмек көрсету мәселелерін қарастыру бағытында Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа алып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек аудан әкімдігінің азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу жөніндегі аудандық комиссияның шешімі негізінде төмендегі мөлшерде беріледі:

1 1) тұрмысы төмен отбасының жанұя мүшесі қайтыс болғанда жерлеу шығындарын өтеуге 10 айлық есептік көрсеткішке дейін;

2 2) отбасы мүшесі ауыр науқасқа шалдыққан жағдайда дәрігерлердің жолдамасына сай емделу үшін 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3 3) 100 жасқа және ол жастан асқан аудан азаматтарына 20 айлық есептік көрсеткішке дейін;

4 4) тұрмысы төмен отбасылардың қозғалмайтын мүлкі өртке ұшырағанда немесе тасқын су зардабын шеккенде жылжымайтын мүлікке техникалық құжаттары бар болған және мүлік ретінде тіркелген жағдайда 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5 5) тұрмысы төмен отбасыларындағы жүкті әйелдерге жүктілігін анықтайтын дәрігерлік қорытынды құжат негізінде 20 айлық есептік көрсеткішке дейін;

6 6) тұрмысы төмен отбасыларының туберкулез ауруының белсенді түрімен ауыратындарға медициналық қорытынды құжат негізінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

7 7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 9 мамыр Жеңіс күніне 34 айлық есептік көрсеткішке дейін;

8 8) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 2011.08.03 N 41-3 Шешімімен.

9 9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 50 мың теңгеден;

10 10) Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың қайта тұрмысқа шықпаған жесірлеріне 10 мың теңгеден;

11 11) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендерге 10 мың теңгеден;

12 12) Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне 5 мың теңгеден;

13 13) Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл еңбеккерлеріне 3 мың теңгеден бір жолғы материалдық көмек берілсін.

2 2. Аудан бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ай сайынғы берілетін әлеуметтік көмек төмендегі мөлшерде беріледі:

1 1) тұрмысы төмен отбасы мүшелерінің әрқайсысына ай сайын, ауданға бюджеттен осы мақсатқа бөлінген қаражат көлеміне сәйкес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2 2) алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 2011.08.03 N 41-3 Шешімімен.

3 3) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4 4) әскер қатарына соңғы шақырылған тұлғаларға 2,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5 5) "Капустин Яр" және "Азғыр" әскери-сынақ полигондары әсерінен зардап шеккен:

бала жастан мүгедектеріне, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және I топ мүгедектеріне - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
II топ мүгедектеріне - 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
III топ мүгедектеріне - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

3 3. Әлеуметтік төлемдерді төлеу және тиісті құжаттарды жинақтап өтініш иелеріне жауап беру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жүргізілсін.

4 4. Осы шешім баспасөзде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.