Перейти к тексту документа

Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 256 · принят 20.05.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 12.07.2011
https://adilet.kz/ru/laws/doc-46237/
Напечатано 2026-08-23 · adilet.kz
Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 256 ·20.05.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

ҚАЗЖоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 256 · принят 20.05.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
256
Дата принятия
20.05.2009
Показанная редакция
12.07.2011 · действующая AI46237_2.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
12.07.2011
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09UN000079
Идентификатор ЭКБ
46237
Идентификатор редакции
AI46237_2
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:03

0 Жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 765 Жарлығы, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 79 қаулысына сәйкес және жұмыспен қамтуда жәрдем көрсету іс-шараларын кеңейту мақсатында, Түлкібас ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында (әрі қарай- Жұмыс беруші) жоғары білім беретін оқу орындардың, колледж және кәсіптік лицейлердің бітірушілеріне (әрі қарай-Бітіруші) жастар тағылымдамфасын ұйымдастырылсын және өткізілсін.

2 2. Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасын ұйымдастыру келесі шарттарды еске ала отырып өткізілсін:

1 1) Оқу орындарын бітіріп, жұмысқа орналаспаған Бітірушілердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (әрі қарай- Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс;

2 2) Бітірушінің алған мамандығы бойынша еңбек өтілі болмауы тиіс.

3 3. Уәкілетті орган:

1 1) келешекте одан әрі даму және өндірісін кеңейту перспективасы бар және Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасында әлеуметтік жұмыс беруші бола алатындар жайында ақпарат жинау жұмыстары іске асырылсын;

2 2) Жұмыс берушінің кадрлық сұраныстары негізінде, жастар тағылымдамасына қатысу үшін, жұмыссыз Бітірушілер арасында талдау жұмыстарын жүргізілсін;

3 3) Жұмыссыз Бітірушіге жастар тағылымдамасына қатысу үшін жолдама берілсін;

4 4) оқу орындарын бітірген жұмыссыз Бітірушілерге жастар тағылымдамасы аясында жұмыс орындарын беруге ықыласты Жұмыс берушімен келісім-шарт жасалсын.

Келісім-шартта Жұмыс беруші мен Уәкілетті органның құқықтары мен жауапкершілігі, жұмысқа қабылданып жатқан жұмыссыз Бітірушілердің саны, жастар тағылымдамасы аясында Жұмыс берушінің ұйымдастырған мамандықтарының тізімі ескерілсін.
Келісім-шарт кемінде алты ай мерзімге жасалынсын.

4 4. Жұмыс беруші:

1 1) жастар тағылымдамасын өту үшін Уәкілетті орган жолдап отырған Бітірушімен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты жасалсын;

2 2) жастар тағылымдамасы аясында әр бір жұмыс орнында қауіпсіздік жағдайы жасалуын қамтамасыз етілсін;

3 3) жастар тағылымдамасына қатысушылардың жұмыс уақытына есеп жүргізу табелін және актін жүргізіп, әр айдың 25-жұлдызына дейін Уәкілетті органға өткізілсін;

4 4) жастар тағылымдамасына жолданған Бітірушіні тағылымдаманың мерзімі біткенше, өз құзырымен тұрақты жұмысқа қабылдап алуға құқығы бар;

5 5) еңбек шартының мерзімі өткендігі немесе Бітірушіні тұрақты жұмысқа қабылданғандығы жайлы Уәкілетті орган хабардар етілсін;

6 6) еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жұмыссызға жастар тағылымдамасына қатысуы туралы пікір (ұсыныс хат) берілсін.

5 5. Уәкілетті орган Жұмыс берушімен түзген келісім-шартты, Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес кез келген жағдайларда бұзуына құқығы бар.

6 6. Жастар тағылымдамасын өткізу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылсын.

7

7. Жастар тағылымдамасына қатысушылардың ай сайын нақты жұмыс атқарған уақыты үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатын жоспарлары саны мен қатысуы мерзімін ескере отырып, Уәкілетті органнан төленеді.

8 8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары Д. Пралиевке жүктелсін.