Перейти к тексту документа

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек беру нұсқаулығын бекіту туралы

Постановление · № 134 · принят 04.05.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 12.06.2012
https://adilet.kz/ru/laws/doc-46294/
Напечатано 2026-08-24 · adilet.kz
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек беру нұсқаулығын бекіту туралы Утратил силу Постановление ·№ 134 ·04.05.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек беру нұсқаулығын бекіту туралы

ҚАЗАуылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек беру нұсқаулығын бекіту туралы

Утратил силу Постановление ·№ 134 · принят 04.05.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек беру нұсқаулығын бекіту туралы
Наименование (каз.)
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек беру нұсқаулығын бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
134
Дата принятия
04.05.2009
Показанная редакция
12.06.2012 · действующая 46294_217753.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
12.06.2012
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09LG000075
Идентификатор ЭКБ
46294
Идентификатор редакции
46294_217753
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:09

0 Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек беру нұсқаулығын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына, 18 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағы 4 тармақшасына, 18 бабының 5 тармағына және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 233 қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсету нұсқаулығы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы

4 мамырдағы кезектен тыс ХV
сессиясының N 134 шешіміне
қосымша
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі
ҚАҒИДА

1 1. Жалпы қағида

Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді.
Осы нұсқаулық ауылдық жерде және қала типіндегі кенттерде жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу тәртібін айқындайды.
Отын сатып алу үшін берілетін әлеуметтік көмекті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді, (әрі қарай уәкілетті орган).

2 2. Әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек.

Ауылдық елді мекенде және қала типіндегі кентте тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек жыл сайын жергілікті бюджет қаражаты есебінен бекітілген мөлшерде беріледі. Жоғарыдағы аталған отын сатып алуға әлеуметтік көмек алатын мамандар тізбесіне төмендегідей болып белгіленсін:

1 1) Білім беру мекемелерінде, мемлекеттік білім беру саласының педагог қызметкерлері мен мамандарына;

2 2) Денсаулық сақтау мекемелерінде: медицина және фармацевтика қызметкерлері мен мамандарына;

3 3) Әлеуметтік қамсыздандыру саласы: әлеуметтік қорғау бөлімшелерінің әлеуметтік қызметкерлері мен мамандарына;

4 4) Мәдениет және спорт саласы: мәдениет және спорт мекемелерінің қызметкерлері мен мамандарына;

3 3. Әлеуметтік көмек берудің тәртібі.

1

1. Әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуына қарамастан ауылдық елді-мекенде және қала типті кенттерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарының отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек алуға мүмкіндігі бар. Егер отбасында бірнеше мүшесінің әлеуметтік көмекке құқығы бар болса, онда көмек отбасының әр мүшесіне бөлек беріледі. Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек жылына бір мәрте беріледі. Жоғарыдағы көрсетілген әлеуметтік салалар бойынша әрбір маман жыл сайын отын сатып алуға өтініш жасай алады.

2 2. Осы нұсқаулық бойынша аталған әлеуметтік қолдау шараларын алатын мамандарының құжаттарын дайындап, (бір үйден екі немесе одан да көп адам алмайтынын дәлелдеп) уәкілетті органға мерзімінде тапсыру мекеме басшысына ұсынылады.

3 3. Отын сатып алу үшін берілетін әлеуметтік көмектің тағайындалуы және төленуі аудандық уәкілетті орган арқылы төмендегі құжаттар негізінде беріледі:

1 1) Маманның белгіленген нысан бойынша өтініші

2 2) жұмыс орыннан анықтама

3 3) тиісті елді мекенде тұратынын растайтын азаматтарды тіркеу кітабы (үй кітабы) көшірмесі немесе анықтама.

Уәкілетті орган әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандардың құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді.
Уәкілетті орган әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде маманға дәлелді жауап жібереді.