Кәсіптік лицей, колледж және жоғары оқу орындарын бітірушілерге жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
ҚАЗКәсіптік лицей, колледж және жоғары оқу орындарын бітірушілерге жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Кәсіптік лицей, колледж және жоғары оқу орындарын бітірушілерге жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- Кәсіптік лицей, колледж және жоғары оқу орындарын бітірушілерге жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 263
- Дата принятия
- 27.05.2009
- Показанная редакция
- 09.02.2011 · действующая AI46360_2.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 09.02.2011
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09UF000077
- Идентификатор ЭКБ
- 46360
- Идентификатор редакции
- AI46360_2
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:01
0 Кәсіптік лицей, колледж және жоғары оқу орындарын бітірушілерге жастар тағылымдамасын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан – жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 765 Жарлығына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан – жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын (Жол картасын) Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" N 79 қаулысына сәйкес және халықты жұмыспен қамтуды кеңейту шараларына ықпал ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Кәсіптік лицей, колледж және жоғарғы оқу орындарын бітіріп жұмыссыз жүрген Бітірушілерге (бұдан әрі – Бітірушілер), аудандағы кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрі – Жұмыс беруші) жастар тағылымдамасы ұйымдастырылсын және өткізілсін.
2 2. Бітірушілерге жастар тағылымдамасын ұйымдастыру төмендегі шарттармен жүзеге асырылсын:
1 1) оқу орындарын бітіріп, жұмысқа орналаса алмаған Бітірушілер ауданның жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органында (бұдан әрі - Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда;
2 2) Бітірушінің мамандығы бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі болмауы.
3 3. Уәкілетті орган:
1 1) өндірісті кеңейтуге, одан әрі дамытуына жағдайы бар және Бітірушілердің жастар тағылымдамасынан өтуіне жұмыс орындарына мүмкіндік беретін Жұмыс беруші жөнінде ақпарат жинақтайды;
2 2) жұмыссыз Бітірушілердің арасында Жұмыс берушінің кадрлық сұранысы негізінде жастар тағылымдамасына қатысушыларды іріктейді;
3 3) жастар тағылымдамасына қатысуға ниет білдірген жұмыссыз Бітірушілерге жолдама береді;
4 4) жастар тағылымдамасы аясында Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасын өткізуге ықылас білдірген Жұмыс берушімен келісім шартқа тұрады.
Келісім шарт Жұмыс берушімен Уәкілетті органның құқықтары мен міндеттерін қарастырады, жұмысқа қабылданатын жұмыссыз Бітірушілердің санын, кәсіп тізбесін (мамандықтарын), соған сәйкес Жұмыс беруші жастар тағылымдамасын ұйымдастыру үшін орын ұсынады, оның өтуіне қажетті жағдай жасайды.
Келісім шарт кемінде алты айға жасалады.