Перейти к тексту документа

Қайыңды, Егіндібұлақ, Еңбек ауылдық округтерінен бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу қою туралы

Постановление · № 236 · принят 15.06.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 20.02.2013
https://adilet.kz/ru/laws/doc-46848/
Напечатано 2026-08-27 · adilet.kz
Қайыңды, Егіндібұлақ, Еңбек ауылдық округтерінен бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу қою туралы Утратил силу Постановление ·№ 236 ·15.06.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Қайыңды, Егіндібұлақ, Еңбек ауылдық округтерінен бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу қою туралы

ҚАЗҚайыңды, Егіндібұлақ, Еңбек ауылдық округтерінен бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу қою туралы

Утратил силу Постановление ·№ 236 · принят 15.06.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Қайыңды, Егіндібұлақ, Еңбек ауылдық округтерінен бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу қою туралы
Наименование (каз.)
Қайыңды, Егіндібұлақ, Еңбек ауылдық округтерінен бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу қою туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
236
Дата принятия
15.06.2009
Показанная редакция
20.02.2013 · действующая AI46848_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
20.02.2013
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09CI000102
Идентификатор ЭКБ
46848
Идентификатор редакции
AI46848_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:56

0 Қайыңды, Егіндібұлақ, Еңбек ауылдық округтерінен бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу қою туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарының негізінде және ауданның бас мемлекеттік ветинспекторының ұсынысы бойынша Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қайыңды ауылдық округінің "Қайыңды" ауылы, "Алтынды" ауылы, шаруа қожалықтары, Егіндібұлақ ауылдық округінің "Бұлақ" ауылы, "Миялыкөл" ауылы, шаруа қожалықтары және Еңбек ауылдық округінің "Сағашилі" ауылы, "Басшилі" ауылы, "Темірмосты" ауылы, "Тепсең Қарабұлақ" ауылдарынан және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қойылсын.

2

2. Ауылдық округ әкімдері И. Ниязова, Қ. Бекжанов, Ғ. Байланов және Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Ғ. Шамшин (келісімімен), "Мұғалжар аудандық ауылшаруашылығы бөлімі" ММ (Ж. Қаерқұлов) осы округтерде бруцеллез ауруы туралы түсінік жұмыстарын кеңінен жүргізіп, ауруға шыққан мал басын 5 күн ішінде сойып, жою туралы мал иелеріне ескертулер жасап және ауру мал шыққан жерлерде екі қайтара таза нәтиже бергенге дейін бруцеллез ауруына тексеруді ұйымдастырсын.

3 3. Аурудан таза емес елді мекендер аумағында жануарлар қозғалысына көлемді мал азығының тасымалына тиым салынсын. Малдары бруцеллез ауруына шыққан үйлерге шектеу қойылғаны жөнінде жазылған тақтайшалар мен белгілер қойылсын. Мал тұратын аула мен қора жайлар толық залалсыздандырылсын.

4 4. Облыстық мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімінің бастығы С. Ділімбетов (келісімімен) ауру малдармен жұмыс істеген адамдарды анықтап, оларға бруцеллез ауруына қарсы іс-шараларды жүргізсін.

5 5. "Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі" ММ (Ж. Әліқұлов, келісімімен) шектеу қойған елді мекендерде ірі қара мал басы мен көлемді мал азығының қозғалысына бақылау жасау ұсынылсын.

6 6. Ауданның бас мемлекеттік ветинспекторы (Ю. Веселовский, келісімімен) мал дәрігерлік іс-шаралар өткізу барысы туралы аудан әкімдігіне әр айдың 25 жұлдызында хабардар ететін болсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Н. Аққұлға жүктелсін.

8 8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

С. Шаңғұтов