Перейти к тексту документа

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 664 · принят 02.06.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 01.01.2010
https://adilet.kz/ru/laws/doc-46942/
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 664 ·02.06.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 664 · принят 02.06.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
664
Дата принятия
02.06.2009
Показанная редакция
01.01.2010 · действующая AI46942_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
01.01.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09VF000094
Идентификатор ЭКБ
46942
Идентификатор редакции
AI46942_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:59

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және
өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4) тармақшасы, 18-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 «Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысын iске асыру мақсатында Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындары (бұдан әрi-әлеуметтiк жұмыс орындары) ұйымдастырылсын.

2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындары алты айға дейiнгi мерзiмге ұйымдастырылады.

3 3. Әлеуметтiк жұмыс орындары меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда (бұдан әрi-жұмыс берушi) ұйымдастырылады.

4 4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын құру ауданның жергiлiктi атқарушы органымен шарт негiзiнде жұмыс берушiмен жүзеге асырылады. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi мен көлемi, еңбекақының мөлшерi мен шарттары және әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi болуы тиiс.

5 5. Жұмыс берушiнiң әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге шығындары тиiстi жергiлiктi бюджет қаржысынан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төмен еңбекақының елу пайыз мөлшерiнде iшiнара өтеледi.

6 6. 2009 жылы әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздың орташа еңбекақысы 30 000 теңгенi құрайтын болады, соның iшiнде тиiстi жергiлiктi бюджет қаржысынан 15 000 теңге, жұмыс берушiнiң қаржысынан 15 000 теңге.

7 7. Жұмыс жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушi мен әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыз арасында жасалған еңбек шартымен айқындалады.

8 8. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынушы ұйымдардан жұмыс берушіні іріктеу ресми ұсыныстардың түсуіне байланысты кезек тәртібінде жүргізіледі.

9 9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң  орынбасары С. Байжановқа жүктелсiн.

10 10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.