Катонқарағай ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым обьектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
ҚАЗКатонқарағай ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым обьектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Катонқарағай ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым обьектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Катонқарағай ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым обьектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 13/132-IV
- Дата принятия
- 16.06.2009
- Показанная редакция
- 15.06.2012 · действующая AI47166_1.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 15.06.2012
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09VM000061
- Идентификатор ЭКБ
- 47166
- Идентификатор редакции
- AI47166_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 10:56
0 Катонқарағай ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым обьектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Катонқарағай ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі бекітілсін (қоса беріледі).
2
2. «Катонқарағай ауданының ауылдарын көркейту, санитарлық жағдайы, жер мен жасыл өскіндерді қорғауды қамтамасыз етудің Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 25 наурыздағы № 11/13-III (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 7 сәуірде 2265 нөмірімен тіркелген, «Арай» газетінің 2005 жылғы 23 мамырда № 22 санында жарияланған), 2005 жылғы 15 желтоқсандағы «Катонқарағай ауданының ауылдарын көркейту, санитарлық жағдайы, жер мен жасыл өскіндерді қорғауды қамтамасыз етудің Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 25 наурыздағы № 11/13-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 16/7-ІІІ (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 30 желтоқсанда 5-13-8 нөмірімен тіркелген, «Арай» газетінің 2006 жылғы 16 қаңтарда № 2 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Катонқарағай ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау ЕРЕЖЕСІ
Катонқарағай аудандық мәслихатының
2009 жылғы 16 маусымдағы
№ 13/132-IV шешiмiне қосымша
Катонқарағай ауданындағы елді мекендердің
аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін
сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау
ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
Катонқарағай ауданындағы елдi мекендерiнiң аумақтарын көріктендіру және жасыл желектердi күтіп ұстау мен қорғау Ережесі (әрі қарай Ереже) 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiне сәйкес әзірленді.
Осы Ереже елдi мекендерінің аумақтарын көріктендіру, оның элементтерін күтіп ұстау, қорғау және пайдалану, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау тәртiбiн, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалардың осы мәселелер бойынша құқықтары мен жауапкершiлiктерiн анықтайды.
Ереже Катонқарағай ауданында тұрып, өз қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін әзірленген.
1 1. Елді мекендер аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау
1 1. Меншiк түрiне және ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан кәсiпорындар, шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен азаматтар аумақтарды көріктендіру жұмыстарын жүргізуге тиісті.
2 2. Аудан аумағындағы:
1 1) тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіп және сауда ғимараттары, автобекеттер, саябақтар, аллеялар және олардың маңайлары, демалыс аймақтары, базарлар және оларға іргелес аумақтар тазалықта және тәртіпте ұсталуға;
2
2) қашалар, қоршаулар, жарнаманың барлық түрлері және жарнамалық қондырғылар, ғимараттар мен ескерткіштерге сәндік сәуле шашу қондырғылары, маңдайша жазулары, жаймалар, аялдамалардағы павильондар, көше жарықтандыру фонарлары, жол белгілері, әр түрлі тіреулер мен бағандар, саябақтар және демалыс орындарындағы орындықтар, күл-қоқыс салатын сауыттар, көше атауларының көрсеткіштері, көлік, жолаушылар аялдамалары, үйлердің нөмірлік белгілері, ескерткіштер мен мемориалдық тақталар тазалықта, бүлінбеген жағдайда, тәртіпте ұсталуға, сақталуға және бүлінген жағдайда қалпына келтірілуге тиісті.