Перейти к тексту документа

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Постановление · № 398 · принят 23.07.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 23.07.2009
https://adilet.kz/ru/laws/doc-47524/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы Действует Постановление ·№ 398 ·23.07.2009

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

ҚАЗҰлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Действует Постановление ·№ 398 · принят 23.07.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы
Наименование (каз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
398
Дата принятия
23.07.2009
Показанная редакция
23.07.2009 · действующая 47524_216581.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
23.07.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09DP000091
Идентификатор ЭКБ
47524
Идентификатор редакции
47524_216581
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:42

0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының барлық қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтері бойынша төмендегідей қосымша жеңілдіктер белгіленсін: айына бір рет электр қуатымен - 45 киловатт, 1 кіші газ балонының құнын, ал орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде нарықтық баға бойынша жылына бір рет 1 (бір) тонна көмірдің құны.

2 2. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Жақыбай Азат Жапарұлы қосымша жеңілдіктердің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.

3 3. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Албанбекова Бибігүл Нүкенқызы аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Абдықадырұлына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.