Перейти к тексту документа

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Иной акт · № 101 · принят 24.07.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 13.12.2012
https://adilet.kz/ru/laws/doc-47584/
Напечатано 2026-08-23 · adilet.kz
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Утратил силу Иной акт ·№ 101 ·24.07.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗМұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 101 · принят 24.07.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Наименование (каз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
101
Дата принятия
24.07.2009
Показанная редакция
13.12.2012 · действующая AI47584_2.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
13.12.2012
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09CD000081
Идентификатор ЭКБ
47584
Идентификатор редакции
AI47584_2
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:42

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет Кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 451-007 бюджеттік бағдарламасы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына:

1

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, ауған соғысының мүгедектеріне, азаматтық және әскери мақсаттағы обьектілердегі радиациялық апаттардың, авариялардың және ядролық сынаулардың мүгедектеріне, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектеріне және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға облыстық денсаулық сақтау мекемесінің жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы ауруханаларға бару үшін жолсапар ақысы төленсін;

2 2) жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейшілік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға, ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге ай сайын 1,5 (бір жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін;

3 3) жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген азық-түлік себетінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүгедектерге, онкологиялық және өкпе ауруымен ауыратын адамдарға тапсырылған құжаттар негізінде материалдық жәрдем берілсін.

2

2. «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 24 сәуірдегі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 20 мамырдағы № 3-4-71 санымен тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымдағы «Жем-Сағыз» газетінің № 24 санында жарияланған) № 80 шешімінің күші жойылсын.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                   Н. Нұрмағанбет
Мәслихат хатшысы                  Б. Турлыбаев