Перейти к тексту документа

Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережелерін белгілеу туралы

Положение · № 22/5 · принят 05.08.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 15.06.2012
https://adilet.kz/ru/laws/doc-47767/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережелерін белгілеу туралы Утратил силу Положение ·№ 22/5 ·05.08.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережелерін белгілеу туралы

ҚАЗЖамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережелерін белгілеу туралы

Утратил силу Положение ·№ 22/5 · принят 05.08.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережелерін белгілеу туралы
Наименование (каз.)
Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережелерін белгілеу туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
22/5
Дата принятия
05.08.2009
Показанная редакция
15.06.2012 · действующая AI47767_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
15.06.2012
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09GC000090
Идентификатор ЭКБ
47767
Идентификатор редакции
AI47767_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:35

0 Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережелерін белгілеу туралы

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережелері белгіленсін.

2 2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережелері

Жамбыл аудандық мәслихатының
2009 жылғы 5 тамыздағы № 22-5
шешімімен белгіленген
Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Ережелері

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы ережелер Жамбыл ауданы аумағында үй жануарларын, нақты мысықтарды, иттерді күтіп-ұстауды белгілеу мақсатында әзірленген.

2 2. Ережелер меншік түріне қарамастан иттер мен мысықтарды күтіп-ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.

3

3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

2 2-тарау. Иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау тәртібі

4 4. Иттер және мысықтар жеке ветеринарлық паспортын беру жолымен сәйкестендіріледі.

5 5. Иттер мен мысықтарды жаңа иесіне сату немесе беру бір мезгілде ветеринариялық паспортын бере отырып жүзеге асырылады.

6 6. Иттер мен мысықтарды аудан, облыс, республикадан тысқары сату, сатып алу, шығару, кіргізу, олардың «құтыруға қарсы егілген деген» белгісі бар ветеринариялық куәлігі болған жағдайда рұқсат етіледі.

7 7. Иттер мен мысықтарды балалардың ойын алаңдарында, аулаларда, серуендетуге жол берілмейді. Иттер мен мысықтарды адамдардың шомылуына арналған жерлерде шомылдыруға жол берілмейді.

8 8. Иттерді арнайы белгіленген алаңдарда қыдыртуға жол беріледі.

9 9. Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттер, мысықтар (нақты құтырумен ауырғаннан өзгелері) тез арада ветеринар мамандардың 10 күн ішінде оқшаулауы және бақылауы үшін жақын маңдағы ветеринарлық емдеу мекемесіне жеткізіледі.

10

10. Иттің және (немесе) мысықтың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес, сондай-ақ олардың биологиялық қажеттіліктеріне сай ұсталуы (қараусыз, тамақсыз, үздіксіз сусыз қалдырмау), ізгілікті қарау (оларды ұрып соқпау, ал ауырған жағдайда уақытында ветеринариялық көмек көрсету) жүзеге асырады.

11 11. Иттерді және (немесе) мысықтарды баспалдақ алаңдарында, шатырларда, подъездерде, жертөлелерде, жатақхана коридорларында ұстамайды.

12 12. Иттерді және (немесе) мысықтарды тұрғын үйлердің жанында қыдыртқанда тыныштықты қамтамасыз ету қажет. Иттерді қыдырту тұмылдырықта және қысқа бауда жүзеге асырылады.

Пайдаланылатын жер учаскесі болғанда иттерді байлап қойып немесе (тек жақсы қоршалған аумақта) еркін қыдыртуға болады. Ит барлығы туралы еске салу мақсатында ескерту жазбасымен көзге көрінетін тақта орналастыру керек.
Қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатында иттен және (немесе) мысықтан кейін арнайы құрал–саймандардың (пакет, қалақ) көмегімен міндетті тазалауды жүзеге асыру қажет.
Ветеринариялық мамандарының талабы бойынша тексеру, диагностикалық зерттеу және емдеу, алдын алу шаралары үшін иттерді және мысықтарды кедергісіз әкелу қажет.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

15 15. Жамбыл ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау туралы осы Ережелерді бұзғандар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 311-бабына сәйкес жауапқа тартылады.