Орда ауылдық округіне ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
ҚАЗОрда ауылдық округіне ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Орда ауылдық округіне ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Орда ауылдық округіне ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 157
- Дата принятия
- 25.08.2009
- Показанная редакция
- 06.12.2011 · действующая 47841_215611.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 06.12.2011
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09ZD000091
- Идентификатор ЭКБ
- 47841
- Идентификатор редакции
- 47841_215611
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 10:30
0 Орда ауылдық округіне ірі қара малының бруцеллез ауруынан шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Орда ауылдық округінің аумағындағы ірі қара малының бруцеллез ауруынан эпизоотиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты Бөкей ордасы ауданының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының 2009 жылғы 24 тамыздағы № 538 ұсынысы бойынша, бруцеллез ауруына қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыздандыру және адамдарды бруцеллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Орда ауылдық округіне ірі қара малдың бруцеллез ауруынан шектеу қойылсын.
2
2. Орда ауылдық округінің әкіміне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (келісім бойынша) бірлесе отырып шаруашылық-ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринарлық дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.