Қызылорда қаласында жануарларды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы
ҚАЗҚызылорда қаласында жануарларды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қызылорда қаласында жануарларды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Қызылорда қаласында жануарларды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 21/4
- Дата принятия
- 24.09.2009
- Показанная редакция
- 23.12.2010 · действующая AI48185_1.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 23.12.2010
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09LA000118
- Идентификатор ЭКБ
- 48185
- Идентификатор редакции
- AI48185_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 10:22
0 Қызылорда қаласында жануарларды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес IV шақырылған Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. "Қызылорда қаласында жануарларды күтіп ұстаудың Ережесі" осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуы Қызылорда қалалық мәслихатының өндіріс, шаруашылық және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясымен (Қ.Сақтағанов) және Қызылорда қаласы әкімдігімен қадағалансын.
3 Қызылорда қаласында жануарларды күтіп-ұстаудың Ережесі
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихаттың
кезекті ХХІ сессиясының төрайымы Н. ЖАППАРОВА
Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ
қосымша
Қызылорда қалалық мәслихатының
2009 жылғы 24 қыркүйектегі
кезекті ХХІ сессиясының
N 21/4 шешімімен бекітілген
Қызылорда қаласында жануарларды күтіп-ұстаудың Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1.1
1.1. Қызылорда қаласында жануарларды күтіп-ұстаудың Ережесі (бұдан әрі Ереже) – Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексіне сәйкес дайындалып, адамдар мен жануарлардың қатар өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қалыптастыру, аулалардың санитарлық тазалығы мен абаттандыру, жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғау тәртіптерін белгілейді.
1.2 1.2. Осы Ережеде төмендегі ұғымдар пайдаланылады:
1
1) жануарлар– ауылшаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар, ауылшаруашылық жануарлары мен құстардың барлық түрлері (мүйізді ірі қара, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралары, бағалы тері аңдары мен қояндар), сонымен қатар олардың будандары;
2 2) жануардың егесі– меншік түріне қарамастан өзінің жеке меншігінде немесе басқа иелігінде жануары бар жеке және заңды тұлға;
3
3) жануарларды күтіп ұстау– жануарлар егелерінің жануарларының денсаулығын сақтауға, ветеринариялық санитарлық талаптарды сақтай отырып жоғары бағалы тұқым алуға, сонымен қатар, азаматтардың қауіпсіздігін, аулалардың санитарлық тазалығы мен абаттандыруға, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғауға жасаған әрекеті.