Перейти к тексту документа

Қызылорда қаласының көшелеріне жаңадан атау беру туралы

Иной акт · № 2265 · принят 11.12.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 11.12.2009
https://adilet.kz/ru/laws/doc-49500/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Қызылорда қаласының көшелеріне жаңадан атау беру туралы Действует Иной акт ·№ 2265 ·11.12.2009

Қызылорда қаласының көшелеріне жаңадан атау беру туралы

ҚАЗҚызылорда қаласының көшелеріне жаңадан атау беру туралы

Действует Иной акт ·№ 2265 · принят 11.12.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Қызылорда қаласының көшелеріне жаңадан атау беру туралы
Наименование (каз.)
Қызылорда қаласының көшелеріне жаңадан атау беру туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
2265
Дата принятия
11.12.2009
Показанная редакция
11.12.2009 · действующая 49500_213330.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
11.12.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09LA000124
Идентификатор ЭКБ
49500
Идентификатор редакции
49500_213330
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:47

0 Қызылорда қаласының көшелеріне жаңадан атау беру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылымы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 4 және 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 5 хаттамаларына сәйкес IV шақырылған Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата мөлтек ауданы бойынша атауы жоқ 6 (алты) көше:

1 1) Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата көшесіне параллель оң жақтағы алтыншы көше "Көкбөрі" атауымен аталсын;

2 2) Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата көшесіне параллель оң жақтағы жетінші көше түркілердің атақты батыры болған "Күлтегін" есімімен аталсын;

3 3) Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата көшесіне параллель оң жақтағы сегізінші көше сыр елі орналасқан ойпат, географиялық атау "Тұран" атауымен аталсын;

4 4) Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата көшесіне параллель сол жақтағы алтыншы көше "Ынтымақ – 1" тұйығы атауымен аталсын;

5 5) Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата көшесіне параллель сол жақтағы жетінші көше "Ынтымақ – 2" тұйығы атауымен аталсын;

6 6) Қызылжарма каналының арғы бетіндегі Қорқыт ата көшесіне параллель сол жақтағы сегізінші көше "Ынтымақ – 3" тұйығы атауымен аталсын.

2 2. "Сәулет" мөлтек ауданы бойынша атауы жоқ көшелер:

1 1) М. Шоқай көшесіне параллель орналасқан сол жағындағы 1–ші көше "Сәулет - 11" атауымен аталсын;

2 2) Ж. Бекқожаев көшесіне перпендикуляр орналасқан (ұзындығы 500 метрге жуық) 5 атауы жоқ көшелер тиесілінше "Сәулет-12", "Сәулет-13", "Сәулет-14", "Сәулет-15", "Сәулет-16" атауларымен аталсын;

3

3) Қойсары батыр көшесінің оң жағында перпендикуляр орналасқан (ұзындығы 500 метрге жуық) 18 атауы жоқ көшелер тиесілінше "Сәулет-18", "Сәулет-19", "Сәулет-20", "Сәулет-21", "Сәулет-22", "Сәулет-23", "Сәулет-24", "Сәулет-25", "Сәулет-26", "Сәулет-27", "Сәулет-28", "Сәулет-29", "Сәулет-30", "Сәулет-31", "Сәулет-32", "Сәулет-33", "Сәулет-34", "Сәулет-35" атауларымен аталсын;

4 4) Қойсары батыр көшесінің оң жағында параллель орналасқан (ұзындығы 500 метрге жуық) 3 атауы жоқ көшелер тиесілінше "Сәулет-36", "Сәулет-37", "Сәулет-38" атауларымен аталсын;

5 5) Қ. Ажаров көшесіне (оң жақ) параллель орналасқан үшінші көше танымал ақын Мұқағали Мақатаев есімімен аталсын;

6 6) Қ. Ажаров көшесіне (оң жақ) параллель орналасқан бесінші көше Кеңес Одағының батыры Георгий Никитович Ковтунов есімімен аталсын;

7 7) М. Исаев көшесіне (Астана даңғылы мен Ж. Бекқожаев көшесі аралығы) параллель орналасқан көше Қызылорда қаласының архитектуралық келбетін көркейтуге ерекше үлес қосқан архитектор Мәлік Қинаятұлы Сапарғалиев есімімен аталсын.

8 8) М. Исаев көшесіне перпендикуляр (сол жақ) Бейбарыс Сұлтан көшесі аралығында орналасқан көше – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Рахымбай Төлебаев есімімен аталсын;

9

9) Жібек жолы көшесіне (сол жақ) параллель орналасқан көше қазақ мәдениетіне айрықша еңбек сіңірген - суретші график, қазақ кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі - Қожахмет Қоңырқожаұлының, театр және кино суретшісі, график, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері – Қожықов Құлахмет Қоңырқожаұлының, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қожықов Сұлтанахмет Қоңырқожаұлының құрметіне "Ағайынды Қожықовтар" есімімен аталсын;

10 10) Қойсары батыр көшесіне (сол жақ) параллель орналасқан көше мемлекет қайраткері, Қазақ ССР сыртқы істер Халық комиссарының орынбасары, Қазақ ССР жеңіл өнеркәсіп министрінің орынбасары қызметтерін атқарған Арбап Сарынов есімімен аталсын.

3 3. "Береке" саяжайында орналасқан шартты атаулы көшелер:

1 1) шартты атауы "Береке – 1" көшесі "Алмалы" атауымен аталсын;

2 2) шартты атауы "Береке – 2" көшесі "Жиделі" атауымен аталсын;

3 3) шартты атауы "Береке – 3" көшесі "Бәйшешек" атауымен аталсын;

4 4) шартты атауы "Береке - 4" көшесі "Талап" атауымен аталсын;

5 5) шартты атауы "Бесінші көше" көшесі "Мәуелі" атауымен аталсын.

4 4. Ипподром, Арай тұрғын ауданындағы атауы жоқ көшелер:

1 1) Жібек жолы көшесіне параллель орналасқан бірінші көше қазақтың ұраны әрі жанама екінші атауы "Алты Алаш" атауымен аталсын;

2 2) Жібек жолы көшесіне параллель орналасқан мөлтек аудандағы екінші көше қазақтың тұңғыш археологі Әлкей Марғұлан есімімен аталсын;

3 3) Қорсан ата көшесінің Жібек жолы көшесі бағыты бойынша параллель орналасқан көше қазақтың шыншыл, әділ хандарының бірі Қасым хан есімімен аталсын;

4 4) Қорасан ата көшесіне параллель орналасқан бірінші көше – қазақ мемлекетінің негізін қалаушы хандардың бірі Есім хан есімімен аталсын;

5 5) Яксарт көшесіне параллель, Жібек жолы көшесіне перпендикуляр (сол жақ) орналасқан бірінші көше ғұн тайпасының көсемі Аттила есімімен аталсын;

6 6) "Жібек жолы" каналы бойында орналасқан көше - үш жүздің пірі, діни қайраткер, әулие Мүсірәлі Әжіқожа есімімен аталсын;

7 7) Яксарт көшесіне параллель, Жібек жолы көшесіне перпендикуляр орналасқан екінші көше – қазақ жеріндегі ежелгі қала "Шірік Рабат" атауымен аталсын;

8 8) Яксарт көшесіне перпендикуляр орналасқан М. Әбдіразақов көшесімен түйісетін көше - ауылшаруашылығы саласының өркендеуіне зор үлес қосқан, құрметті азамат, "Даңқ" орденінің иегері Жұмабай Әбдіреев есімімен аталсын;

9 9) Жібек жолы көшесіне перпендикуляр (С. Жүнісов көшесінің тұсы) орналасқан көше – білім саласының дамуына ерекше еңбек сіңірген, Сыр елінің азаматы Нурумов Есқазы есімімен аталсын;

10 10) Мөлтек аудан сызба картасы бойынша 10 нөмірмен белгіленген көше әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы Кетебай би есімімен аталсын;

11 11) Ұсынылған Б. Момышұлы көшесіне параллель (сол жақ) бірінші көше Сыр елінің перзенті, журналист Тойбазар Елемесов көшесі болып аталсын;

12 12) Қорасан ата көшесі мен С. Бекшорин көшесіне перпендикуляр орналасқан көше қазақтың аяулы ақын әрі сазгері Қасым Аманжолов есімімен аталсын;

13 13) Қорасан ата көшесіне параллель орналасқан екінші көше танымал жазушы, драматург Оралхан Бөкеев есімімен аталсын;

14 14) Қорасан ата көшесіне параллель орналасқан үшінші көше жазушы, қазақ әдебиетінде роман жанрын дамытуға үлес қосқан Ілияс Есенберлин есімімен аталсын;

15 15) Қорасан ата көшесіне параллель орналасқан төртінші көше – жазушы Бердібек Соқпақбаев есімімен аталсын;

16 16) Ипподромға тірелетін (оң жақ) параллель орналасқан екінші көше соғыс және еңбек ардагері Смағұл Ысқақов есімімен аталсын;

17 17) Ипподромға тірелетін (оң жақ) параллель орналасқан бірінші көше ақын, жырау, білікті шежіреші Үбсұлтан Аяпов есімімен аталсын;

18 18) Мөлтек аудан сызба картасы бойынша 18 нөмірмен белгіленген көше қазақ поэзиясында өзіндік орны бар ақын Төлеген Айбергенов есімімен аталсын.

5 5. СПМК - 70 тұрғын ауданы бойынша:

1 1) Жібек жолы көшесіне перпендикуляр (сол жақ) орналасқан бірінші көше "Сыр Ана" атауымен аталсын;

2 2) Сыр сұлуы көшесіне (оң жақ) параллель орналасқан бірінші көше "Ақтөбе" атауымен аталсын;

3 3) Осы көшеге перпендикуляр орналасқан ұзындығы 200-250 метрге жуық 3 атауы жоқ көшелер тиесілінше "Ақтөбе - 1" "Ақтөбе - 2", "Ақтөбе-3" тұйықтары атауларымен аталсын;

4 4) Дамба жағалауынан параллель бастау алатын көше "Қызылжар" атауымен аталсын.

5 5) Осы көшені қиятын ұзындығы 200-250 метр болатын қысқа 3 атауы жоқ көшелер тиесілінше "Қызылжар - 1", "Қызылжар - 2", "Қызылжар - 3" тұйықтары атауларымен аталсын;

6 6) Жібек жолы көшесіне параллель орналасқан төртінші көше "Орынбор" атауымен аталсын;

7 7) Жібек жолы көшесіне параллель орналасқан бесінші көше "Тараз" атауымен аталсын;

8 8) Сыр сұлуы көшесін (сол жақ, дамба жағынан) қиып өтетін бірінші көше "Каспий" атауымен аталсын;

9 9) Сыр сұлуы көшесіне (сол жақ) параллель орналасқан көше "Орал" атауымен аталсын;

- Осы көше бойындағы қысқа көше "Орал" тұйығы атауымен аталсын;

10 10) Сыр сұлуы көшесіне (сол жақ) параллель орналасқан, дарияға тірелетін бірінші көше "Ақтау" атауымен аталсын;

11 11) Сыр сұлуы көшесіне (сол жақ) параллель орналасқан, дарияға тірелетін екінші көше "Атырау" атауымен аталсын;

12 12) Сыр сұлуы көшесіне (оң жақ) параллель орналасқан, дарияға тірелетін төртінші көше "Жайық" атауымен аталсын;

6 6. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.