Перейти к тексту документа

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 12 · принят 27.01.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 22.02.2012
https://adilet.kz/ru/laws/doc-51168/
Напечатано 2026-08-23 · adilet.kz
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 12 ·27.01.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗӘлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 12 · принят 27.01.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
12
Дата принятия
27.01.2010
Показанная редакция
22.02.2012 · действующая 51168_216183.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
22.02.2012
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10DM000107
Идентификатор ЭКБ
51168
Идентификатор редакции
51168_216183
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:12

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-4) тармақшасына және 18-1-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шартқа отыруға уәкілетті болып саналсын.

3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Диханбаева):

1 1) халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу жүзеге асырылсын;

2 2) 2010 жылға арналған ауданның бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің еңбегіне төлеген шығынның ішінара төлемі өтелсін;

3 3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара өтемақысының мөлшері ең төменгі еңбек жалақысы көлемінде екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.

4 4. Аудандық қаржы бөліміне әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша қаражатты уақытымен бөлінуін қамтамасыз етсін.

5 5. Кербұлақ аудандық әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылдың 12 ақпанында N 2-13-90 болып тіркелген, аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтар "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 14-ші қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Момбаевқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 Кербұлақ ауданы әкімдігінің

2010 жылғы 27 қаңтардағы
"Әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыру
туралы" N 12 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу
Тәртібі
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес жасалады.

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбекақы төлемі шығынына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде құралады.

2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді тіркеу келесі өлшемдер бойынша ерекшеленеді:

1 1) әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін әдейі арналады;

2 2) әлеуметтік жұмыс орындары уақытша сипатта болады және ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды;

3 3) жұмыс берушінің жұмысты жартылай жұмыс күнімен және икемді кесте шарттары бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.