Перейти к тексту документа

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Иной акт · № 19-4 · принят 26.02.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 27.12.2013
https://adilet.kz/ru/laws/doc-51210/
Напечатано 2026-08-24 · adilet.kz
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Утратил силу Иной акт ·№ 19-4 ·26.02.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗМұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 19-4 · принят 26.02.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Наименование (каз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
19-4
Дата принятия
26.02.2010
Показанная редакция
27.12.2013 · действующая 51210_196526.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
27.12.2013
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10ZB000087
Идентификатор ЭКБ
51210
Идентификатор редакции
51210_196526
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:54

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің № 95-IV Заңының 56 бабының 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" № 2247 Заңының 2 тарауының 5-10 баптарын басшылыққа алып аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Ақжайық ауданы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмек белгіленсін:

1 1) - алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихаттың 2012.12.20 № 7-7 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

2 2) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысынада әскер қатарына соңғы шақырылған тұлғаларға төменгі айлық есептік көрсеткіштің 2,9 мөлшерінде;

3 3) бейбітшілік кезінде әскери қызметін өтеу барысында қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына төменгі айлық есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде;

4 4) 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысына қатысқаны үшін жауынгерлік награда алған ардагерлерге, I-II топ мүгедектеріне, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5 5) "Капустин Яр" және "Азғыр" ядролық сынақ полигондарының әсерінен зардап шеккен:

бала кезінен мүгедектеріне, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және І топ мүгедектеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ІІ топ мүгедектеріне - 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ІІІ топ мүгедектеріне - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

2 2. Ақжайық ауданында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1 1) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы әлеуметтік көмек – 50 000 теңге;
соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтарындың қайталап некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 5 000 теңге;
1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 3 000 теңге;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасыларына – 10 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдарға - 5 000 теңге;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне – 10 000 теңге;
Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге және Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 10 000 теңге;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға – 10 000 теңге;
Чернобыль атом электростанциясы апатының салдарынан мүгедек болған адамдарға – 10 000 теңге;
Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасыларына – 10 000;

2 2) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған онкологиялық, психоневрологиялық ауруымен ауратын азаматтарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалардың емделуі үшін -10 000 теңге;

3 3) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған туберкулез ауруымен ауратын азаматтарға – 15 000 теңге;

4 4) аз қамтылған азаматтарға, дәрігерлік - кеңестік комиссия қорытындысының және дәрігердің жолдамасы негізінде ауданнан тысқары жерлерде емделуге баратын азаматтарға - 30 000 теңге;

5 5) облыс орталығындағы гемодиализ аппаратына мұқтаж бірінші топтағы мүгедектерге - 50 000теңге;

6 6) аз қамтылған азаматтың жерлеуін жүзеге асырған тұлғаға - 10 000 теңге;

7 7) өрттен, су тасқыны, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы апатқа ұшыраған азаматтарға (отбасыларға) – 10 000 теңге;

8 8) аз қамтылған күнкөріс деңгейінен төмен орта жанды кірісі бар отбасыларға (азаматтарға) – 10 000 теңге;

9 9) соғысқа қатысушылары мен мүгедектерiнің және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соларға теңестiрiлген адамдардың, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарға, санаторлық курорттық емделудi ұсыну.

3

3. Аудандық мәслихаттың "Мұқтаж адамдардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 22 қазандағы № 8-5 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-2-64 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 21 қарашада "Жайық таңы" газетінің № 48 санында жарияланған) күші жойылсын.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.