Ауданның коммуналдық меншігіндегі жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын бекіту туралы
ҚАЗАуданның коммуналдық меншігіндегі жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ауданның коммуналдық меншігіндегі жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Ауданның коммуналдық меншігіндегі жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын бекіту туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 589
- Дата принятия
- 16.02.2010
- Показанная редакция
- 15.07.2011 · действующая AI51423_1.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 15.07.2011
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10LG000092
- Идентификатор ЭКБ
- 51423
- Идентификатор редакции
- AI51423_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:01
0 Ауданның коммуналдық меншігіндегі жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын бекіту туралы
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 395 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын есептеу" Әдістемесіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауданның коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану осы үйлердің орналасқан мекен-жайы бойынша кент және ауылдық округі әкімі аппараттарында жүргізілсін.
2
2. Ауданның коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысы Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 395 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын есептеу" Әдістемесіне сәйкес есептелсін.
3 3. Жалға берілген тұрғын үйлердің жалдау ақысын мерзімінде төленуін қамтамасыз ету осы үйлерді теңгерімде ұстаушы атқарушы органдардың басшыларына жүктелсін және осы төлемдердің белгіленген мерзімінде төленуіне бақылау жасау аудандық қаржы бөліміне (Ө. Тақырбасов) жүктелсін.
4
4. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне (О. Ахметов) аудандық коммуналдық меншігіндегі тұрғын үйлерді күтіп-ұстауға, есебін жүргізуге байланысты жұмыстарды жүргізу жөнІнде бөлім ережесіне тиісті толықтырулар енгізу, сондай-ақ осы енгізілген өзгерістерге сәйкес жұмыс жасау тапсырылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Ыдырысовқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі
Б. Еламанов