Перейти к тексту документа

Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Постановление · № 36 · принят 09.03.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 19.09.2017
https://adilet.kz/ru/laws/doc-51767/
Напечатано 2026-08-24 · adilet.kz
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы Утратил силу Постановление ·№ 36 ·09.03.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗМүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Утратил силу Постановление ·№ 36 · принят 09.03.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Наименование (каз.)
Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
36
Дата принятия
09.03.2010
Показанная редакция
19.09.2017 · действующая 51767_251635.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
19.09.2017
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10DM000112
Идентификатор ЭКБ
51767
Идентификатор редакции
51767_251635
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:49

0 Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11, 16-баптарына сәйкес мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларға әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын отбасыларына қосымша жәрдемақы тоқсанына сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.

2

2. Үйде тәрбиелеуге және оқытуға жәрдемақы туған, асырап алған,сонымен бірге қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алған мүгедек балалардың және 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттігі туралы қорытындысының негізінде белгіленсін.

3 3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы А. Диханбаеваға үйде тәрбиелеуге және оқытуға жәрдемақыны төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар олардың таңдауы бойынша жәрдемақы алушылардың жеке есеп шоттарына қаржыны аудару жолымен жүзеге асырылады.

4 4. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Г.Мұсахметоваға мүгедек балаларды үйден тәрбиелеп оқытатын отбасыларына жәрдемақы көрсету үшін дер кезінде қаражаттың бөлінуін қамтамасыз ету жүктелсін.

5

5. Кербұлақ аудандық әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 27 ақпанында N 2-13-20 болып тіркелген (аудандық "Кербұлақ жұлдызы" басылымында 2006 жылдың 10 наурызындағы N 10 (3291) санында жарияланған), аудан әкімдігінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы "Мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 31-ші қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Момбаевқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.