Перейти к тексту документа

Еңбекші селолық округіндегі "Жұмекен" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы

Постановление · № 133 · принят 09.04.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 22.06.2010
https://adilet.kz/ru/laws/doc-52391/
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
Еңбекші селолық округіндегі "Жұмекен" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы Утратил силу Постановление ·№ 133 ·09.04.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Еңбекші селолық округіндегі "Жұмекен" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы

ҚАЗЕңбекші селолық округіндегі "Жұмекен" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы

Утратил силу Постановление ·№ 133 · принят 09.04.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Еңбекші селолық округіндегі "Жұмекен" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы
Наименование (каз.)
Еңбекші селолық округіндегі "Жұмекен" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
133
Дата принятия
09.04.2010
Показанная редакция
22.06.2010 · действующая AI52391_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
22.06.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10TH000186
Идентификатор ЭКБ
52391
Идентификатор редакции
AI52391_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:34

0 Еңбекші селолық округіндегі "Жұмекен" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа алып және Ауыл шаруашылығы Министрлігі Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 107 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 15 сараптамасы бойынша Еңбекші селолық округінің "Жұмекен" елді мекенінде өлген бір бас иттің құтыру ауруына оң нәтиже беруіне байланысты "Жұмекен" елді мекеніне шектеу іс-шаралары жариялансын.

2 2. Еңбекші селолық округінің "Жұмекен" елді мекеніне шектеу іс-шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Еңбекші селолық округ әкімі Ғ. Қалиевке, Ауыл шаруашылығы Министрлігі Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Сәлімғалиевке (келісім бойынша), Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің меңгерушісі Ә. Әбдірахманға, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Е. Қуановқа (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ө. Сарбасовқа (келісім бойынша), аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы К. Утаровқа (келісім бойынша) іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы іс-шаралардағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпаратты апта сайын аудандық ветеринария бөліміне тапсыру ұсынылсын.

5 5. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Е. Қуанов - аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері;
Ө. Сарбасов - аудандық ішкі
істер бөлімінің бастығы;
К. Утаров - аудандық мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы;
С. Сәлімғалиев - Құрманғазы аудандық
аумақтық инспекциясының бастығы.

6 Аудан әкімдігінің

2010 жылғы 9 сәуірдегі № 133
қаулысымен бекітілген қосымша
Еңбекші селолық округіндегі "Жұмекен" елді мекені бойынша
жұқпалы ауыруының тарап кетуін болдырмау іс-шаралары

Атқаратын шаралардың мазмұны
Орындалу мерзімі
Орындалуына жауаптылар
1
Құтыру ауруы белгісі білінген жануарларды өртеп көмдіру, орнын залалсыздандыру, тексеру үшін зертханаға жіберуді ұйымдастыру
Тұрақты
Аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі
2
Ауырған малмен қатынасы бар адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру
Тұрақты
Аудандық орталық аурухана (келісім бойынша), аудандық санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (келісім бойынша)
3
"Жұмекен" елді мекеніндегі жеке қожалықтардың малдарын, ит, мысықты құтыру ауруына қарсы егістен өткізуді ұйымдастыру
Тұрақты
Аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі
4
Бірлескен түрде ауру ошағы болып табылатын "Жұмекен" елді мекенінен мал және мал өнімдерін шығаруға қатаң тиым салу
Тұрақты
Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық ветеринария бөлімі, Еңбекші селолық округінің әкімі Ғ. Қалиев