Перейти к тексту документа

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Иной акт · № 28-3 · принят 16.04.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 28.06.2011
https://adilet.kz/ru/laws/doc-52471/
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Утратил силу Иной акт ·№ 28-3 ·16.04.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗМұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 28-3 · принят 16.04.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Наименование (каз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
28-3
Дата принятия
16.04.2010
Показанная редакция
28.06.2011 · действующая AI52471_2.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
28.06.2011
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10ZL000089
Идентификатор ЭКБ
52471
Идентификатор редакции
AI52471_2
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:26

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Теректі аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Теректі ауданы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмек белгіленсін:

1 1) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілерді отбасыларына, отбасының табысына қарамастан ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

2

2. Бір жолғы әлеуметтік көмек "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша комиссиясының шешімі негізінде келесі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына белгіленсін:

1 1) аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға жылына бір рет отбасының табыстарына қарамастан 10 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемінде әлеуметтік көмек көрсетуге;

2 2) аз қамтылған отбасыларға, жылына бір рет отбасының табыстарына қарамастан 20 айлық есептік көрсеткіштен артық емес көлемде емделу үшін әлеуметтік көмек көрсетуге;

3 3) қайтыс болған азаматтарды жерлеу үшін оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетуге;

4 4) "Алтын алқа" белгісімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға санаториялық-курорттық емделу үшін жылына бір рет 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетуге;

5 5) туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға қосымша тамаққа, туберкулезбен күресу мекемелерге дәрігерге қаралуға бару үшін және амбулаторлық емделу үшін жылына бір рет 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету ұсынылсын;

6

6) жеке меншік тұрғын үйлерде тұратын, жан басына шаққанда орташа табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға), сондай-ақ жан басына шаққанда орташа табыстары 20 айлық есептік көрсеткіштен артық емес жалғыз тұратын және ерлі зайыпты зейнеткерлер, мүгедектер үшін қатты отын сатып алуға 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетуге.

3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.