Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының пәтерлері мен жеке тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржыны бөлу және төлеу туралы
ҚАЗҰлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының пәтерлері мен жеке тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржыны бөлу және төлеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының пәтерлері мен жеке тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржыны бөлу және төлеу туралы
- Наименование (каз.)
- Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының пәтерлері мен жеке тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржыны бөлу және төлеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 70
- Дата принятия
- 20.04.2010
- Показанная редакция
- 11.02.2013 · действующая 52787_176678.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 11.02.2013
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10TD000163
- Идентификатор ЭКБ
- 52787
- Идентификатор редакции
- 52787_176678
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 08:22
0 Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының пәтерлері мен жеке тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржыны бөлу және төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н. Құрманғалиева) Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының пәтерлері мен жеке тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаражатты толықтай игеруді қамтамасыз етсін.
2 2. Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының пәтерлері мен жеке тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаражатты төлеу кезінде мыналар басшылыққа алынсын:
1 1) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының пәтерлері мен жеке тұрғын үйлеріне жөндеу үшін берген арыздарын аудандық ардагерлер кеңесіне келісім алу үшін жолдансын;
2 2) келісілген тізімдегі ардагерлердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ақаулық акт жасақтап, қажетті қаржыны белгілесін;
3
3) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының пәтерлері мен жеке тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат мөлшерін жасақталған ақаулық актіге сәйкес "Казпочта" торабының байланыс бөлімшелері арқылы Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің жеке есеп шотына аударсын.