Перейти к тексту документа

Талас ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесін бекіту туралы

Положение · № 32-15 · принят 15.06.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 26.06.2012
https://adilet.kz/ru/laws/doc-53483/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Талас ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесін бекіту туралы Утратил силу Положение ·№ 32-15 ·15.06.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Талас ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесін бекіту туралы

ҚАЗТалас ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесін бекіту туралы

Утратил силу Положение ·№ 32-15 · принят 15.06.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Талас ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Талас ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесін бекіту туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
32-15
Дата принятия
15.06.2010
Дата введения в действие
01.08.2010
Показанная редакция
26.06.2012 · действующая AI53483_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
26.06.2012
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10GJ000101
Идентификатор ЭКБ
53483
Идентификатор редакции
AI53483_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 07:59

0 Талас ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-1 тармағының 8) тармақшасына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2 тармағына және 387-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Талас ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Талас ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесі

Талас аудандық мәслихатының
2010 жылғы 15 маусымдағы
№ 32-15 шешімімен бекітілген
Талас ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Талас аудан елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережесі (әрі қарай - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 387 бабына сәйкес әзірленген және Талас ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Ереже меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

2 2. Талас ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру тәртібі

3 3. Аудан аумағындағы әрбір мекеме, ұйым және кәсіпорындарға (келісімдері бойынша) жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген жер аумақтарын жинау және тазалықта ұстау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

4 4. Көшелерді, тротуарларды, жасыл желектердің маңын, үй аралық жолдарды, саябақ, гүлбақтарды жинау, тазалықта ұстау және көріктендіру қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте мекемеге жүктеледі.

5 5. Аудан көлеміндегі басқа жер учаскелерін (стадиондар, базарлар, ашық автотұрақтар, ауыл шаруашылық жерлері тағы да басқалар) тазалықта ұстау сол жерлерді пайдалану құқығы бар азаматтарға, мекемелерге жүктеледі.

Құрылыс және күрделі немесе ағымдағы жөндеу объектілерінің аумағын жинап, тазалығын сақтауды, осы жұмыстарды жүргізіп жатқан құрылыс мекеме жүргізеді.

6 6. Тұрғын үй, қызмет, өндіріс ғимараттарының иелері мен пайдаланушылары осы ғимараттардың маңдайшаларын, нөмірлік белгілерін, көше көшеттерін ұқыпты ұстаулары тиіс.

7 7. Тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орындарын ашу белгіленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және басқа да тиісті органдармен келісілуі тиіс.

8 8. Хабарламалар, жарнамалар, құлақтандырулар осы мақсатқа белгіленген жерлерге ғана жапсырылуы тиіс.

9 9. Ғимараттардың, офистердің кіре берісіне, сауда орындарының, дүкендердің, павильиондардың алдына, саябақ пен гүлбақтарға, жаға-жайларға қоқыс салатын сауыттары орнатылады және олар қоқыстан уақытылы тазартылып тұруы тиіс.

10 10. Елді мекендердің аумақтарын көріктендіру мен қалыпты санитарлық жағдайда ұстау мақсатында жол берілмейді:

көшелерде, тротуарларда, көгалдарда қоқыстар жинауға;
көшелерге, су көздеріне, жасыл желектің маңына және де басқа көпшілік орындарға қоқысты, басқа да өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға;
жол бойында, тротуарларда су жүйесі құбырлары мен канализациялық құбырлар жүргізілген люктерді, құдықтарды қоршалмаған жағдайда ашық қалдыруға;
арық жүйелерін бұзу, қазылған жерлерді реттеп тегістемей, қалдырып кетуге.

3 3. Қорытынды ережелер

11 11. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.