Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгер жесірлерінің тұрғын үйлеріне (пәтерлеріне) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу туралы
ҚАЗҰлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгер жесірлерінің тұрғын үйлеріне (пәтерлеріне) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгер жесірлерінің тұрғын үйлеріне (пәтерлеріне) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу туралы
- Наименование (каз.)
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгер жесірлерінің тұрғын үйлеріне (пәтерлеріне) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 150
- Дата принятия
- 02.08.2010
- Показанная редакция
- 07.06.2012 · действующая 53942_176314.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 07.06.2012
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10TE000130
- Идентификатор ЭКБ
- 53942
- Идентификатор редакции
- 53942_176314
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 07:38
0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгер жесірлерінің тұрғын үйлеріне (пәтерлеріне) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және Ұлы Отан соғысынан оралмаған жауынгер жесірлерінің тұрғын үйлеріне (пәтерлеріне) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттің 451007000 "Жергілікті басқару органдарының шешімімен жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер" бағдарламасынан қаржыландырылып, 600000 (алты жүз мың) теңгеден біржолғы ақшалай материалдық көмек төленсін.