Қызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
ҚАЗҚызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Қызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 5
- Дата принятия
- 20.09.2010
- Показанная редакция
- 17.11.2010 · действующая 54991_208820.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 17.11.2010
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10CDF00103
- Идентификатор ЭКБ
- 54991
- Идентификатор редакции
- 54991_208820
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 07:19
0 Қызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1, 27, 30 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарын және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 15 қыркүйек 2010 жылғы № 4-2\621 санды ұсынысын басшылыққа ала отырып, селолық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қызылбұлақ селолық округінің Кемерши елді мекенінде мүйізді ірі қара малдарынан жұқпалы пастереллез ауруы анықталуына байланысты бұл ауруды басқа елді мекендерге таратпау мақсатында шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2 2. Шектеу шаралары бойынша:
шектеу жарияланған Кемерши елді мекендер көлемінен ауылшаруашылық малдарын айдап әкетуге, әкелуге, бұл жерлер арқылы өтуге шектеу қойылсын;
барлық мал өнімдеріне өндірудің сақтық шаралары жүргізілсін.
3
3. Селолық округі әкімі аппаратының бас мал дәрігері, бас маманы (М. Абишов) ауырып өлген малдарды көметін мал моласына салып өртеу, елді мекен көлемінде пастереллез ауруына қарсы егу жұмыстарын малдәрігерлік заңдылықтар негізінде жүргізу және ол малдардың ұдайы малдәрігерлік бақылауда болуын қамтамасыз ету, ауру шыққан қожалықтардың ауласын, мал қораларын бұл аурумен күрес ережесіне сай залалсыздандыру шараларын алу тапсырылсын.