Перейти к тексту документа

"Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы

Положение · № 47-281 · принят 07.12.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 07.12.2010
https://adilet.kz/ru/laws/doc-56887/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
"Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы Утратил силу Положение ·№ 47-281 ·07.12.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

"Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы

ҚАЗ"Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы

Утратил силу Положение ·№ 47-281 · принят 07.12.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
"Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
Наименование (каз.)
"Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
47-281
Дата принятия
07.12.2010
Показанная редакция
07.12.2010 · действующая AI56887_0.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
07.12.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10DI000119
Идентификатор ЭКБ
56887
Идентификатор редакции
AI56887_0
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 06:47

0 "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша комиссия төрағасы М. Бөгенбаевқа жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ескелді ауданы мәслихатының IV шақырылымындағы
ХLVІІ сессиясының төрағасы
М. Өмірхалықов

4 Жалпы ережелер

Ескелді аудандық мәслихатының
2010 жылғы 7 желтоқсандағы
"Ескелді ауданының құрметті
азаматы" атағын беру ережесін
бекіту туралы" N 47-281
шешімімен бекітілген
"Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру ережесі
Жалпы ережелер

1 1. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын аудандық мәслихаттың шешімімен беріледі. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру патриоттық функцияны орындауға шақырады және Қазақстан Республикасы мен аудан алдындағы ерекше еңбегін қоғамның мойындауының көрінісі болып табылады.

Сондай-ақ, "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын берудегі мақсат еңбек сіңірген азаматтардың есімдерін, Ескелді ауданының тарихында сақтау болып табылады

2 2. Атақ беру жөніндегі талаптар

2 2. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағы өмірбаяны Ескелді ауданымен байланысты, мемлекеттік наградалары бар, төмендегі талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:

1 1) Ұлы Отан соғысы кезінде қаһармандық көрсеткендер және ерлік жасағандар немесе азаматтық борышын орындау кезінде жеке ерлік жасағандар, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жұмысына елеулі үлес қосқандар;

2 2) Өзін жергілікті мемлекеттік басқару саласында көрсете білген, ауданның дамуына, тәуелсіз егеменді Қазақстанның тұтастығын сақтауға елеулі үлес қосқан мемлекеттік және саяси қайраткерлерге;

3 3) Халық шаруашылығының салаларындағы инновациялық қызметі және озық технологияларды енгізгені үшін, сондай-ақ, ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына белсенді ықпал еткендерге;

4 4) Аудан халқын сауықтыруға үлес қосқандарға, емдеу алдын-алу жұмысының үнемді және тиімді әдістерін енгізгені үшін;

5 5) Қоршаған ортаны қорғау және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту саласында үлес қосқандарға;

6 6) Ғылымды, техниканы, әдебиетті, өнер мен қызметтің басқа түрлерін дамытуда елеулі үлес қосқандарға;

7 7) Қазақстан Республикасының азаматтары өскелең ұрпақ бойында азаматтықты, мәдениеттілік пен патриотизмді тәрбиелеуде, сондай-ақ, білім беру сапасын жетілдіру мен арттыруда айрықша үлес қосқандарға;

8 8) Отандық спорттың әлемдік ареналарда даңқын шығарған олимпиадалық ойындардың, әлем чемпионаттарының және басқа халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне.

3 3. Атақ берудің тәртібі

3 3. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын иеленуге үміткерлерді тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің әкімі ұсынады.

4.Ұсынылған үміткерлердің:

1 1) Аудан әкімінің ұсынысы;

2 2) Өмірбаяндық мәліметі;

3 3) Ерекше еңбектерін растайтын құжаттары, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген мемлекеттік наградаларының тізбесі ұсынылады.

5 5. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыным еңбек ұжымы мен қоғамдық бірлестіктердің қолдау хаттары негізінде жасалады.

6 6. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыным аудандық мәслихаттың сессиясында қаралады.

7 7. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағы алып тасталмаған немесе өтелмеген соттылығы бар тұлғаларға берілуі мүмкін емес.

8 8. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы мәселенің қаралуы және шешімінің қабылдануы, атаққа ұсынылған тұлға болмаған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.

9 9. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыным аудандық мәслихаттың сессиясында қатысқан депутаттар санының көпшілік даусымен, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

10 10. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағы берілген тұлға "Ескелді ауданының құрметті азаматы" ерекше белгісімен марапатталады.

11 11. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағы салтанатты және жариялық жағдайында аудандық мәслихаттың хатшысы мен аудан әкімі тапсыратын куәлікпен және төсбелгімен расталады.

12 12. Құрметті азаматтың есімі ауданның құрметті азаматтары кітабына жазылады.

13 13. "Ескелді ауданының құрметті азаматы" атағын беру туралы аудандық мәслихат шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

14 14. Ауданның Құрметті азаматының аты жұртшылықтың ұсынысымен қала, кент, село көшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте берілуі мүмкін.

15 15. Атақ алған адам қайтыс болған жағдайда, оның құжаттары туысқандарының немесе мұрагерлердің қалауы бойынша мұражайларға берілуі мүмкін.