Перейти к тексту документа

Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде балық аулау лимитін бөлу туралы

Иной акт · № 4-91 · принят 09.04.2001
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 09.04.2001
https://adilet.kz/ru/laws/doc-9192/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде балық аулау лимитін бөлу туралы Утратил силу Иной акт ·№ 4-91 ·09.04.2001
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде балық аулау лимитін бөлу туралы

ҚАЗБалық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде балық аулау лимитін бөлу туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 4-91 · принят 09.04.2001

Данные из ЭКБ обновлены 04.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде балық аулау лимитін бөлу туралы
Наименование (каз.)
Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде балық аулау лимитін бөлу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
4-91
Дата принятия
09.04.2001
Показанная редакция
09.04.2001 · действующая 9192_284554.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
09.04.2001
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V01D000364_
Идентификатор ЭКБ
9192
Идентификатор редакции
9192_284554
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
04.08.2026 23:53

0 Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде балық аулау лимитін бөлу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп-өндіру және пайдалану туралы” Заңының 14,15,16-баптары негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 16 ақпандағы "Балық шаруашылығы суайдындарында балық және теңіз аңын (тюленді) аулаудың 2001 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы" № 158 Қаулыларына сәйкес және тендерлік комиссияның Ұсыныс шешімі негізінде 31.03.2001ж. хаттама), Алматы облысының Әкімі ШЕШІМ қабылдады:

1 1. 2001 жылға кәсіпшілік балық аулау құқығы берілсін және Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде шекаралары, балық аулау лимиті көрсетіле отырып, суайдындары табиғат пайдаланушыларға № 1,2 қосымшаларға сай бекітіліп берілсін.

2 2. Балық түрлерін аулау лимиті былайша белгіленсін:

-ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін — 55 тонна, оның ішінде Қаз БШ ҒЗИ-на Балқаш көлінен-40 тонна, Сасықкөл көлінен-10 тонна, Алакөл көлінен — 5 тонна;
- балық өсіру мақсаты үшін өсіріп-өндірумен айналы мемлекеттік кәсіпорындарға Балқаш көлінен 50 тонна;
- спорттық-әуесқой балық аулашылар үшін 100 тонна, оның ішінде Балқаш көлінен 50 тонна, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінен 10 тонна, Алакөл көлінен 30 тонна.

3 3. Алматы облысының орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы (Дүйсенбеков Ж.):

-Балқаш көлі мен Алакөл көлдері жүйесінде 2001 жылға белгіленген балық аулаудың көлемін табиғат пайдаланушыларға
жеткізсін;
-балык аулау учаскелсрінің шекараларын жоне балық ресурстарын пайдалану тәртібін көрсете отырып, табиғат пайдаланушылармен шарт жасассын;
-төлемдердің түсуіне, бекітілген суайдындарында (учаскелерде) санитарлық (окологиялық) тазалықтың сақталуына табиғат пайдаланушыларға бөлінген балық аулау лимитінің игерілуіне және балық аулау бригадасы (зиеносы) журналы бақылауды қамтамасыз етсін;
-балық аулаушы ұйымдар бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шарттағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда, облыс Әкіміне учаскелер мен балық аулау көлемін қайта бөлу және кәсіпшілік балық аулау құқығын қайта ұсыныс енгізсін;
- табиғат пайдаланушылар шарттағы міндеттемелерін толық орындаған жағдайда, оларға Балқаш пен Алакөл көлдеріндегі бөлінбеген көлемнен қосымша лимит бөлуді қарастырсын.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ә.Ә. Тойбаевқа жүктелсін.

Енгізуші:
Облыстық орман және
биресурстар жөніндегі
аумақтық басқарма
Ж. Дүйсенбеков
Келісілді:
Жіберілсін: салық комитетіне, обл. орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармаға,заң бөліміне-3.
Жіберілді: 2001 ж. « __»_______