"Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi туралы"
ҚАЗ"Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi туралы"
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- "Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi туралы"
- Наименование (каз.)
- "Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi туралы"
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 12-2173
- Дата принятия
- 29.12.2009
- Показанная редакция
- 31.12.2013 · действующая 50259_203795.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 31.12.2013
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09DJ000108
- Идентификатор ЭКБ
- 50259
- Идентификатор редакции
- 50259_203795
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:27
0 "Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын
жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi туралы"
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағын, 7 бабының 5-4) тармақшасын, 18-1 бабын iске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)-шi тармақшасына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушiлердi iрiктеу Тәртiбi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Жұмыс берушiлермен әлеуметтiк жұмыс орындарын құру туралы келiсiм-шарттарды жасау «Iле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» Мемлекеттiк Мекемесiне уәкiлеттi етiлсiн.
3 3. Iле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi Мемлекеттiк Мекемесi (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы):
1 1) жұмыссыздар есебiнде тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберсiн;
2 2) жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк жұмыс орнындағы жұмыссыздардың еңбек ақы шығынының бөлiгiне ауданның қаржы жоспарында көрсетiлген шегiнде өтемақы төлесiн.
4 4. Аудандық қаржы бөлімі (Дуйшенбаева Ляззат Балиқанқызы) әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыссыз азаматтарға төленетiн қаржының уақтылы бөлiнуiн қамтамасыз ету тапсырылсын.
5
5. Iле ауданы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 22 сәуірдегі «2009 жылы Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» № 4-672-шi қаулысы 2009 жылы 21 мамырда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiмiне № 2-10-93 болып енгiзiлген, 2009 жылы 29 мамырда «Iле таңы» газетiнiң № 26 санында жарияланған, орындалуына байланысты күшiн жойсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Файль Виктор Александровичке жүктелсiн.
7 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн мерзiм өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.
10 Iле ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы «29» желтоқсандағы
№ 12-2173 «Iле ауданы бойынша
әлеуметтiк жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы” қаулысына
қосымша
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынған жұмыс берушiлердi iрiктеу
ТӘРТIБI