Төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия құру және Ереженi бекiту туралы
ҚАЗТөтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия құру және Ереженi бекiту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия құру және Ереженi бекiту туралы
- Наименование (каз.)
- Төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия құру және Ереженi бекiту туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 9
- Дата принятия
- 26.01.2004
- Показанная редакция
- 26.01.2004 · действующая 18786_233912.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 26.01.2004
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04NP002758
- Идентификатор ЭКБ
- 18786
- Идентификатор редакции
- 18786_233912
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:32
0 Төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия құру және Ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 13 бабының негiзiнде, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдайлар кезiндегi әрекет және алдын алудың аудандық жүйесiн одан әрi жетiлдiру, авариялар, апаттар мен дүлей зiлзалалардан халықты және аудан аумағын қорғау мәселелерi бойынша ұйымдар мен мекемелердiң әрекеттерiн үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 31 бабы 1 тармағының 8, 17 тармақшаларына сәйкес Науырзым ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия құрылсын, комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекiтiлуге ұсынылсын.
2 2. Қоса берiлiп отырған төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн.
3 3. Науырзым ауданы әкiмiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi № 14 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссияның құрамына өзгерiстер енгiзу туралы" мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1691, шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Ә.Б. Асановқа жүктелсiн.
5 Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Науырзым ауданы әкiмиятының
2004 жылғы 26 қаңтардағы
қаулысымен бекiтiлген
Төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) кеңесшi-мәжiлiстiк орган болып табылады және ол авариялар, апаттар және дүлей зiлзалалардың салдарынан болуы мүмкiн төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою төңiренгiнде бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзу жөнiнен ұсыныстар дайындау мақсатында құрылады.