Тараз қаласының N 1, 2, 4 аумақтық округтерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
ҚАЗТараз қаласының N 1, 2, 4 аумақтық округтерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Тараз қаласының N 1, 2, 4 аумақтық округтерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Тараз қаласының N 1, 2, 4 аумақтық округтерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 233
- Дата принятия
- 20.03.2006
- Показанная редакция
- 24.04.2007 · действующая 27490_189969.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 24.04.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06GA000028
- Идентификатор ЭКБ
- 27490
- Идентификатор редакции
- 27490_189969
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:44
0 Тараз қаласының N 1, 2, 4 аумақтық округтерінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Тараз қалалық аумақтық басқармасының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысының негізінде, Тараз қаласы N 1, 2, 4 аумақтық округтерінде уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тараз қаласы N 1, 2, 4 аумақтық округтерінде уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2 2. Шектеу шарттары бойынша тиым салынсын:
1 1) округтер арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға, айдап өтуге, енгізуге, сыртқа шығаруға, тек оларды етке союға жіберген жағдайдан басқа;
2 2) аурудан таза емес округтер аумағынан басқа аумаққа әкетуге, шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сондай-ақ мал және адамдардың жиналуына байланысты шаралар жүргізуге;
3 3) бруцеллезбен (сарып) ауырған жануарларды және олардан алынған төлдерді 5 күннен артық ұстауға; көрсетілген жануарларды тез арада басқа жануарлардан оқшаулайды және олардың асыл тұқымдығына, өндірістік мәніне, салмағына, жасына буаздығына қарамастан бордақыламай 5 күн ішінде етке союға өткізсін.
3 3. Бруцеллезге (сарып) бейім жануарларды (оның ішінде асыл тұқымды жануарларды) сатып алғанда, олар 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұсталынсын және 2-рет бруцеллезге (сарып) диагностикалық зерттеулер жүргізілсін.
4 4. N 1, 2, 4 аумақтық округтердің бас инспекторлары ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыруға қатыссын.
5
5. Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің N 2, 3 полиция бөлімдерінің бастықтары М.Ш. Әбілдаев және Т.С. Данабеков (келісім бойынша ұсынылсын), Тараз қаласы N 1,2,4 аумақтық округтердің бас инспекторлары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Тараз қалалық аумақтық басқармасының ветеринариялық инспекторларымен (келісім бойынша ұсынылсын) бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды қүшейтсін.
6
6. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің Тараз қаласы бойынша аумақтық басқармасының бастығы М.А. Ақтанова (келісім бойынша ұсынылсын), "Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Қ.Т. Асқарбеков, Тараз қаласының N 1, 2, 4 аумақтық округтердегі тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын қүшейтсін, бруцеллез (сарып) ауруы мен ауырған аурулармен қатынаста болғандарды медициналық байқаудан өткізуді бақылауға алсын.
7 7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Бықыбаевқа жүктелсін.
«Келісілген»
Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
Департаментінің Тараз қаласы бойынша
аумақтық басқармасының бастығы
М.А.Ақтанова___________________
________________________ 2006 ж.
Жамбыл облысының
ішкі істер департаментінің
2 полиция бөлімінің бастығы
М.Ш.Әбілдаев _______________
___________________ 2006 ж.
Жамбыл облысының
ішкі істер департаментінің
N 3 полиция бөлімінің бастығы
Т.С.Данабеков _______________
_______________________ 2006 ж.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігінің
Тараз қалалық аумақтық
басқармасының бастығы
Б.Қошқарбаев _____________
________________ 2006 ж.