О внесении изменения в решение Кызылординского городского маслихата от 01 февраля 2016 года №53/3 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Кызылорда»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Кызылординского городского маслихата от 01 февраля 2016 года №53/3 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Кызылорда»
- Атауы (қаз.)
- «Қызылорда қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 01 ақпандағы №53/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 200-28/3
- Қабылданған күні
- 01.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 01.11.2024 202377_726751.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24LA856611
- ЭКБ идентификаторы
- 202377
- Редакция идентификаторы
- 202377_726751
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:57
0 «Қызылорда қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
ережесін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 01 ақпандағы №53/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Қызылорда қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2016 жылғы 01 ақпандағы №53/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5358 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Қызылорда қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 Қызылорда қалалық мәслихаты
2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 200-28/3
шешіміне қосымша
Қызылорда қалалық мәслихатының
2016 жылғы 01 ақпандағы
№53/3 шешімімен бекітілген
Қызылорда қаласының Құрмет грамотасымен наградтау
туралы ереже
1 1-тарау. Жалпы ереже
1
1. Осы Қызылорда қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қызылорда қаласының Құрмет грамотасымен наградтау және оны тапсыру тәртібін реттейді.
2 2. Қызылорда қаласының Құрмет грамотасы (бұдан әрi – Құрмет грамотасы) азаматтардың жемісті қызметін қоғамдық түрде мойындаудың көрінісі, маңызды моральдық ынталандыру құралдарының бірі болып табылады.
3 3. Құрмет грамотасымен:
1 1) халықтар арасындағы достықты, ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан;
2 2) экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери, қоғамдық және мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi;
3 3) белсенді қоғамдық-саяси және еңбек қызметі;
4 4) қайырымдылық қызметпен айналысқан;
5 5) өзге де сіңірген еңбектері үшін азаматтар наградталады.
Сондай-ақ, еңбегі сіңген шетел азаматтары наградталуы мүмкін.
4 4. Құрмет грамотасымен қайта наградтау жүргізілмейді.
5 5. Құрмет грамотасы жоғалған жағдайда телнұсқа берілмейді.
6 6. Құрмет грамотасымен:
1 1) үмiткердi ұсыну сәтiнде заңнамамен белгiленген тәртiпте соттылық мерзiмi өтелмеген немесе алынбаған;
2 2) сот арқылы iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi
деп танылған;
3 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық iс-әрекеттерi үшiн жауапкершiлiкке тартылған азаматтар наградталмайды.
2 2-тарау. Құрмет грамотасымен наградтау тәртiбi
7 7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсынымды еңбек, шығармашылық ұжымдары, қалалық өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер атынан олардың басшылары енгізеді.
8 8. Құрмет грамотасымен наградтау туралы өз кандидатураларын өз бетімен ұсынған азаматтардан келіп түскен өтініштер қаралмайды.
9 9. Құрмет грамотасымен наградтауға байланысты құжаттамалық қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ наградталған азаматтардың есебiн «Қызылорда қаласы әкiмінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қала әкімінің аппараты) жүргiзедi.
10 10. Азаматты немесе шетел азаматын Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсыныстар Қызылорда қаласының әкімдігіне (бұдан әрі – қалалық әкімдік) мынадай мәліметтерді көрсете отырып жолданады:
- тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
-туған күні, айы, жылы;
-білімі туралы мәліметтер;
-жарғылық немесе құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауы;
-өтініш берілген күнге атқаратын лауазымын толық көрсете отырып, жұмыс орны;
- осы Ереженің 3-тармағына сәйкес еңбек қызметі, жетістіктері, құрметті атақтар, наградалары.
11 11. Осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттар қарау үшін наградтау күніне дейін 12 (он екі) жұмыс күннен кешіктірілмей қалалық әкімдікке ұсынылады.
12 12. Құжаттардың уақтылы ұсынылмауы немесе ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 10-тармағына сәйкес келмеуі өтінішхатты қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылады.
13
13. Құрмет грамотасымен наградтау туралы келіп түскен өтінішхат 3 (үш) жұмыс күні ішінде қала әкімінің аппаратымен осы Ереженің 10-тармағына сәйкестігі тексеріледі және құрамында Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттары бар Қызылорда қаласы әкімінің жанындағы наградтау комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жолданады.
14 14. Комиссия Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынылған құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және хаттамалық шешім (бұдан әрі – шешім) шығарады.
15
15. Комиссия шешімімен Құрмет грамотасымен наградтауға келісім берілген ұсыныстар бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қызылорда қаласының әкімі (бұдан әрі - қала әкімі) мен Қызылорда қалалық мәслихаты төрағасының (бұдан әрі - мәслихат төрағасы) Қызылорда қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы бірлескен өкімі әзірленіп, оған қала әкімі мен мәслихат төрағасының қолдары қойылады.