Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение акима Алакольского района от 01 июня 2020 года № 18 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов по Алакольскому району»

Өзге акт · № 189 · қабылданған 18.08.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/01-2020-no-18/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение акима Алакольского района от 01 июня 2020 года № 18 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов по Алакольскому району» Күшін жойған Өзге акт ·№ 189 ·18.08.2020
14.07.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение акима Алакольского района от 01 июня 2020 года № 18 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов по Алакольскому району»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 189 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение акима Алакольского района от 01 июня 2020 года № 18 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов по Алакольскому району»
Атауы (қаз.)
Алакөл ауданы әкімінің 2020 жылғы 01 маусымдағы «Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 18 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
189
Қабылданған күні
18.08.2020
Көрсетілген редакция
14.07.2021 145653_531192.kaz
Соңғы өзгеріс
14.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20DE005616
ЭКБ идентификаторы
145653
Редакция идентификаторы
145653_531192
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:11

0 Алакөл ауданы әкімінің 2020 жылғы 01 маусымдағы «Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 18 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 33, 37-баптарына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Алакөл ауданы әкімінің 2020 жылғы 01 маусымдағы № 18 «Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 тіркелген, 2020 жылдың 05 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін аумақтық сайлау комиссиясымен келісілген сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.».
көрсетілген шешімнің қосымшасында 26-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«26. № 69 сайлау учаскесі.
Орталығы: Достық ауылы, Т. Рысқұлов көшесі № 11, «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Достық ауылы, Абай, Абылайхан, Ж. Жабаев, Р. Қошқарбаев, Қабанбай, Т. Рысқұлов, Әлібаев, Теміржолшылар көшелері, Көктұма, Жалаңашкөл станциясының аумағы.».
көрсетілген шешімнің қосымшасы 54-тармақпен толықтырылсын:
«54. № 1049 сайлау учаскесі.
Орталығы: Достық ауылы, Жансүгіров көшесі № 5, «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Достык кентінің № 11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Достық ауылы, Б. Момышұлы, Бейбітшілік, Бәкіров, әскери қалашық, Д. Қонаев, Достық, Ә. Молдағұлова, І. Жансүгіров, Қасабай, Д. Рақышев, С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Мақатаев көшелерінің аумағы.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. О. Қанағатовқа жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Алакөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е. Манкебаев
«____»____________2020 жыл

Қолданыстағы