Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Лисаковска от 01 апреля 2022 года № 118 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима города Лисаковска»

Қаулы · № 367 · қабылданған 27.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/01-2022-no-118-ekb-173105/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Лисаковска от 01 апреля 2022 года № 118 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима города Лисаковска» Қолданыста Қаулы ·№ 367 ·27.09.2022
27.09.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Лисаковска от 01 апреля 2022 года № 118 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима города Лисаковска»

Қолданыста Қаулы ·№ 367 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Лисаковска от 01 апреля 2022 года № 118 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима города Лисаковска»
Атауы (қаз.)
Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 01 сәуірдегі № 118 «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
367
Қабылданған күні
27.09.2022
Көрсетілген редакция
27.09.2022 173105_597962.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ND00367A
ЭКБ идентификаторы
173105
Редакция идентификаторы
173105_597962
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:46

0 Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 01 сәуірдегі № 118 «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Лисаков қаласы әкімдігінің «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 01 сәуірдегі № 118 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 15-тармағында;
16 тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«16) азаматтық қорғау саласында қаланың әкімшілік аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюды жүзеге асыру, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп олардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 17-1, 17-2, 17-3, 17-4, 17-5-тармақшалармен толықтырылсын;
«17-1) Лисаков қаласының әкімшілік аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
17-2) азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету;
17-3) аумақтық қорғанысты ұйымдастыру;
17-4) қаланың әкімшілік аумағы шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар етуді және оларды жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында өздерінің басқаруындағы қалалық коммуналдық меншікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша береді;
17-5) өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету;».

2 2. «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлауын;

2

2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы