О внесении изменений и дополнений в решение акима области от 01.09.1999 года № 208. Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің 01.09.1999 жылғы N 208 шешіміне өзгертулер толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –
Маңғыстау облысы әкімінің 07.04.2006 № 4 шешімімен
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N474-1 ҚРЗ "Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы" Заңының қабылдануымен және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477-1 ҚРЗ "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 қарашадағы "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 2000 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізілуімен байланысты халыққа әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру және аймақта жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсаттарында шешім етемін:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 01.09.1999 жылғы N 208 "Атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1)облыс әкімінің көрсетілген шешіміне қосымша облыс әкімінің осы шешіміне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын (қоса беріліп отыр).
Тармақша 2
2)3 тармақта:
үшінші абзацтағы "2,0 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "балалар интернат үйлерінде мүгедек балаларды күту кұны" деген сөздерімен ауыстырылсын;
бесінші абзац алынып тасталсын;
Тармақша 3
3)4 тармақты "және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N94-1 ҚРЗ "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадагы N 477-1 ҚРЗ "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заңымен енгізілген өзгерістер" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) төмендегі мазмұндағы жаңа 7.1. тармақ енгізілсін:
"7.1. Маңғыстау облысы бойынша салық комитетіш (Ж.С.Сәрсенқұлов) елді мекендердегі базарларда, шағын базарлардаұсақ бизнеспен айналысатын адамдарды тіркеуді қамтамасыз ету жәш атаулы көмекті тағайындау үшін қалалық және аудандық еңбек халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдеріш тапсыруға олардың қызметінен алынған табыстары туралы анықтамалар беру ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің осы шешімі 2000 жылдың 1 сәуірінегі бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Е Р Е Ж Е С I
Облыс әкімінің
2000 жылғы 23 наурыздағы
№ 362 шешімімен бекітілді
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету
Е Р Е Ж Е С I
Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 шілдедегі N 1036 "Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша тәртібін бекіту туралы" қаулысы негізінде жасақталды және халықтың аз қамтамасыз етілген жігіне атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1 тарау. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау органдары
1 тарау. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау органдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1998 жылғы 29 шілдедегі N 138 Бұйрығына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің құрамында халыққа әлеуметтік көмек көрсету Орталықтары құрылды.
Тармақ 2
2. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету Орталықтарында атаулы әлеуметтік көмек көрсету құжаттарын дайындау мен тағайындау немесе күшін жою мәселелерін шешу үшін жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің басшылары және халыққа әлеуметтік көмек көрсету Орталығының мамандары арасынан арнайы комиссиялар құрылады.
Тармақ 3
3. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық (қалалық) комиссиялар:
-азаматтардың оларға әлеуметтік көмек корсету туралы өтініштерін қарайды;
-отбасылар мен жалғыз басты азаматтардың әлеуметтік- тұрмыстық жағдайлары мен қамтамасыз етілу деңгейін тексереді;
-атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе күшін жою жөнінде шешімдер қабылдайды.
Тарау 2. 2 тарау. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау
2 тарау. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау
Тармақ 1
1. Бала туғанда және жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге көмектен басқа, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау Қазақстан Республикасы Президентінің Жарльіқтарымен, Қазак,стан Республикасы Заңдарымен,' Қазақстан Республикасы .. Үкіметінің қаулыларымен, нормативтік актілермен және осы Ережемен сөиКесті жүргізіледі (басшылыққа алу \ құжаттарының тізбесі жалғанды).
Кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге аз қамтамасыз етілген азаматтардың, бала туғанда әлеуметтік көмектің, жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмектің құқығын анықтау өлшемі екі айлық есептік көрсеткіш мөлшері болып саналады.
Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету үшін өлшем осы мақсаттарға отбасы шығындарының шекті мүмкіндік деңгейі болып танылады (отбасының айлық жиынтық табысының 30 проценті).
Жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек отбасы табысына қарамастан тағайындалады.
Тармақ 2
2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуге құқығы бар адамдар қолданудағы заңдарға сәйкесті тұрғын орны бойынша қажетті құжаттарды жинап комиссияға өтініш береді.
Тармақша 1
1) Бала туғанда әлеуметтік көмекті тағайындау осы Ережемен сәйкесті жүргізіледі.
Бала туғанда әлеуметтік көмекті тағайындауға төмендегідей құжаттар тапсырылады:
өтініш;
хабарласқан адамның жеке куәлігі;
тууы туралы куәліктің көшірмесі;
бала туғандағы әлеуметтік көмекті алуға АХАЖ органдарынан анықтама;
отбасы құрамы туралы анықтама;
баланың ата-анасының оқу, қызмет ету орындарынан анықтама;
баланың туған айы алдындағы тоқсанда отбасында алынған табысар туралы анықтамалар;
еңбек кітапшасының көшірмесі, ал ол жоқ болған жағдайда, жұмыссыз саналатындығы немесе жұмыс істемейтіндігі туралы жұмыспен қамту бөлімінен, кенттік әкімшіліктен анықтама;
СТН-і (РНН).
Отбасы құрамына баланың туу сәтіне барлық бірге тұрушылар, ал отбасының жиынтық табыстарына өткен тоқсанда алынған олардың табыстары ескеріледі.
Бала туғанда әлеуметтік көмектің мөлшері әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін анықтау үшін тиісті жылға республикалық
бюджетпен бекітідген баданың туған кезіндегі іс жүзіндегі есептік көрсеткіштен шығарылып есептеледі.
Бала туғанда көмек оған құқығы болған және бала туған күннен кейін 12 айдың ішінде хабарласқан жағдайда тағайындалады.
Өлі туған балаларға көмек тағайындалмайды.
Бала туғанда әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға оған құқығы болған және оның тууы Қазақстан аумағында болған жағдайларда тағайындалады және төленеді.
Бала Қазақстан Республикасы аумағында тумаған жағдайда бала туғандағы әлеуметтік көмек оған құқығы болғанда Қазақстан Республикасы азаматтарына тағайындалады және төленеді.
Тармақша 2
2) Жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек осы Ережемен сәйкесті және қайтыс болған адам қаза болған күніне жұмыс істегендердің тізімінде тұрған жағдайда отбасына немесе жерлеген адамға тағайындалады.
Жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындауға төмендегідей құжаттар тапсырылады: қаза болтан адамды жерлеген адамның өтініші; хабарласқан адамның жеке куәлігі;
көмек үшін хабарласқан адамның тұрғын орнынан анықтама; жерлеуге материалдық көмекті алуға сақтандыру кассасына көрсету үшін жұмыс істеген адамның өлімі туралы АХАЖ-дан анықтама;
қаза болтан адамның еңбек кітапшасының (контрактінің, шарттың және басқалардың) көшірмесі;
қайтыс болтан адамның осы кәсіпорындағы, ұйымдағы және басқалардағы жұмысын куәландыратын анықтама; көмек алуға хабарласқан адамның СТН-і (РНН).
Жерлеуге әлеуметтік көмектің мөлшері әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін анықтау үшін тиісті жылға республикалық бюджетпен бекітілген, адамның қайтыс болтан кезіндегі қолданудағы есептік көрсеткіштен шығарылып есептеледі.
Қайтыс болтан жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге көмек оған қайтыс болтан күнінен кейін 6 айдан кешікпей хабарласқан жағдайда тағайындалады.
Тармақша 3
3)Аз қамтамасыз етілген азаматтардың құрамындағы жұмыссыздарға материалдық көмек әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін анықтау үшін тиісті жылға республикалық бюджетпен бекітілген айлық есептік көрсеткіштен шығарылып, қолданудағы зандармен және осы Ережемен сәйкесті тоқсан сайын облыс әкімінің шешімімен бекітілген мөлшерде тағайындалады.
Аз қамтамасыз етілген азаматтар құрамындағы жұмыссыздар материалдық көмек алу үшін төмендегідей құжаттар тапсырады: өтініш; жеке куәлік;
еңбек кітапшасы (контрактілер, шарттар және басқалар); отбасы құрамы туралы анықтама;
отбасы құрамына кіретін адамдардық өткен тоқсанда алынған
табыстары туралы анықтама;
СТН-І (РНН).
Жұмыссыздарға материалдық көмек оған хабарласқан айынан бастап және ағымдағы тоқсанның аяғыңа дейін тағайындалады,
Оны төлеу жұмыссыздарды кәсіби даярлау, квалификаіщясын арттыру және қайта даярлаудың, жұмыссызды есептен шығармай, қоғамдық жұмыстарда қамтудың бүкіл кезеңіне, сондай-ақ жұмыссыз ай ішінде себепсіз жұмыспен қамту қызмётіне: ^келмеген жағдайдаларда тоқтатылады.
Тармақша 4
4)Аз қамтамасыз етілген азаматтар құрамындағы қайтыс болған жұмыссызды жерлеуге материалдық көмек оның отбасына немесе жерлеген адамға тағайындалады.
Жұмыссыз азаматтарды жерлеуге материалдық көмек алуға хабарласқан кезде төмендегідей құжаттар тапсырылады: қайтыс болтан адамды жерлеген адамның өтініші; хабарласқан адамның жеке куәлігі;
қайтыс болтан адамды жерлеген адамның тұрғын орнынан анықтама;
жерлеуге материалдық көмекті төлеу үшін сақтандыру кассасына көрсетуге АХАЖ-дан жұмыссыздың өлімі туралы анықтама;
көмек алуға хабарласқан адамның СТН-і (РНН).
Егер қайтыс болтан адам аз қамтамассыз етілген азаматтар құрамындағы жұмыссыз ретінде материалдық көмек алушы болып саналса, онда жерлеуге материалдық көмек бның жеке ісі негізінде тағайындалады.
Егер қайтыс болтан адам қаза болу сәтіне аз қамтамасыз етілген азаматтар құрамындагы жұмыссыз ретінде материалдық көмек алушы болып саналмаса (материалдық көмекті татайындаута мерзімінде хабарласпады)ғонда жұмыссызды жерлеуге материалдық көмек оған құқығы болтан жатдайда жұмыспен қамту қызметінен тиісті анықтаманы тапсыруы бойынша тагайындалады.
Қайтыс болтан жұмыссыз азаматтарды жерлеуге көмек оған қайтыс болтан күнінен кейін 6 айдан кешікпей хабарласқан жатдайда татайындалады.
Тармақша 5
5)Азаматтардың тұртын үй көмегі үшін хабарласуы осы Ережемен және қолданудаты зандармен сәйкесті тоқсан сайын өткен тоқсанда отбасында алынтан жиынтық табысы туралы мәліметтерді тапсыру арқылы жүргізіледі.
Тұртын үй көмегін тағайындау кезінде төмендегідей құжаттар тапсырылады: өтініш;
хабарласқан адамның жеке басын куәландыратын құжат;
тұрғын үйді жекешелендіру шарты,немесе сатып алу-сату туралы шарт, немесе сыйлау шарты, немесе мұралық құқы туралы куәлік, немесе тұрғын үйді: жалға алу шарты, немесе тұрғын үйді
жалға беру шарты;
ПИӨК-інен (коммуналдық шаруашылықтан және басқалардан) отбасы құрамы туралы анықтама;
отбасында өткен тоқсанда алынған кірістер туралы анықтам;
тұрғын үйді ұстау мен коммунаддық қызметтерді тұтыну үшін төлеуге есептік кітапшалар, анықтама-таратылымы (жировкілер);
газ үшін есептік кітапшалар (анықтамалар);
тұрғын үй иесінің (жалдаушының) СТН-і (РНН).
Отбасына тұрғын үй көмегінің мөлшері қалалық және аудандық бөлімдер арқылы осы айға бекітілген тұрғын үйлерді ұстау мен тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері бойынша шығындар құнының тарифтерінен шығарылып, ай сайын есептеледі.
Тұрғын үй көмегі қалалар, аудандар әкімдерімен бекітілген әлеуметтік нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін тұрғын үй иесінің (жалдаушының) нақты төлемі мен осы мақсаттарға отбасы шығындарының шекті мүмкіндік деңгейінін; (отбасының жиынтық табысының 30 проценті) айырмасы мөлшерінде есептеледі.
Тұрғын үй көмегі оған құқығы болған жағдайда, хабарласқан айдан бастап және ағымдағы тоқсан аяғына дейін тағайындалады.
Тармақ 3
3. Өтінішпен хабарласқан азаматтар берілген мәліметтерінің дұрыстығы үшін толық жауап береді. Қандай ма бір бұзулар (табыстарды жасыру, отбасы құрамы туралы сенімді емес мәліметтер) анықталған жағдайларда, төленген сомалар қолданудағы зандармен белгіленген тәртіпте кінәлі адамдардан өндіріледі.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегінен басқа атаулы әлеуметтік көмек халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияларға өтініш пен қажетті құжаттар тапсырылған күннен кейін он күн мерзімде тағайындалады (тұрғын үй көмегі қызметтер құны мен қызметтердің тұтынылған көлемі мөлшері туралы мәліметтердің болғандығына қарай тағайындалады) және хаттамамен хатталады, ол алушылардың жеке істеріне тігіледі.
Көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда, халыққа әлеуметтік қызмет қөрсету Орталығы өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсетіп, жазбаша хабарлауға және құжаттарды қайтаруға міндетті.
Тарау 3. 3 тарау. Атаулы әлеуметтік көмекті қаржыландыру және төлеу
3 тарау. Атаулы әлеуметтік көмекті қаржыландыру және төлеу
1. Атаулы әлеуметтік көмектің барлық түрлерін талеу, егер аймақтық деңгейде оны төлеудің басқа түрі енгізілмесе, қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері арқылы шығындардың бюджет жіктелімі бойынша қалалық және аудандық жергілікті бюджеттер қаржысы есебінен Халықтық банк филиалдары арқылы жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Қалалық және аудандық қаржы бөлімдері жергілікті бюжетте
тұрған бюджеттік ұйымдарды қаржыландыру жөніндегі нұсқау мен шығындардың бекітілген сметасына сәйкесті көрсетілген қаражатты Агенттік келісімге сәйкес Қазақстанның Акционерлік Халықтық Жинақ банкісінің филиалдарына аударылуы үшін ай сайын қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің бюджеттік есепшоттарына аударады.
Тармақ 3
3. Қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері:
Осы. Ереженің 2 тарауының 1 тармағы негізінде әрбір алушыға іс құжатын жасақтайды және оның арнайы жеке салымы бойынша дербес есепшотын, жеке куәлігінің мәліметтерін, СТН-ін (РНН), тұратын мекенжайын көрсете отырып, әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі есеп карточкасын ашады.
Қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері әр айдың соңғы күні атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау журналы бойынша есеп жасайды: көмек түрлері бойынша санын, тағайындалған көмектің сомасын шығарады және келесі айда төлеу үшін қажет етілетін ақша қаражатына сұранымды 3 дана етіп дайындайды. Тапсырыстың алғашқы данасы аудандық (қалалық) қаржы бөліміне, екіншісі ынталылық көтермелеу сомасы көрсетіліп, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жіберіледі.
Осы Ереженің 3 тарауының 2 тармағы негізінде, ақшалай қаржының есепшотқа түсуіне қарай, қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің арнаулы салымдарына енгізу үшін тізімдер және көмек түрінің әрқайсысы жөніндегі қағаздық және элекрондық қолдану құжаты бойынша өткен ай үшін атаулы әлеуметтік көмектерді төлеуге ведомость-тізімін жасайды. Агенттік келісімге сәйкес Халықтық банкінің аудандық (қалалық) филиалдарының есепшотына төлеуге арналған көмек пен ынталылық көтермелеу сомасы бір мезгілде аударылады.
Тармақ 4
4. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу алушылардың тізімдерінің негізінде Халықтық банкінің филиалдары арқылы алушының жеке басын куәландыратын куәлігін көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу мынадай жағдайларда жүргізіледі: 1 жылдан аспайтын мерзімге нотариалдық тәртіппен
куәландырылған сенімхаты; тұрғылықты жері бойыйша тұрғын үйді пайдалану мекемесі немесе алушының стационарлық емделуде жатқаны жөнінде емдеу үйымдарыйың 4 айдан аспайтын
куәландырылған сенімхаты бойынша.
Тармақ 6
6. Жергілікті деңгейде атаулы әлеуметтік көмек бойынша есеп жүргізу, бақылау және есеп беру қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдер жанындағы әлеуметтік көмек жөніндегі Орталықтарға жүктеледі.
Тармақ 7
7. Ай сайын қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қарғау бөлімдері төлем жасалған айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, Халықтық банкінің филиалдарымен бірлесіп, көмек түрлері айырымында төленген сомалар бойынша актілік салыстырулар жасайды.
Тармақ 8
8. Ай сайын қаладық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері әр айдың 10-күнінен кешіктірмей, жүргізілген актілік салыстырулардың негізінде атаулы әлеуметтік көмектің саны мен төленген сомасы бойынша есеп жасайды және облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына береді.
Тармақ 9
9. Қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері тоқсан сайын белгіленген үлгідегі есебінде аудандық, қалалық қаржы бөлімдеріне, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына және облыстық қаржы басқармасына әлеуметтік көмектің тағайындалған және төленген сомалары туралы мәліметтер тапсырады.
Тармақ 10
10. Қалалық және аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауының дұрыстығына бақылауды облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен қаржы басқармасының органдары жүргізеді.
Басқа 32
Облыс әкімінің
2000 жылғы 23 наурыздағы
№ 362 шешімімен бекітілген
"Атаулы әлеуметтік
көмек көрсету Ережесіне"
қосымша
Атаулы әлеуметтік көмек
тағайындау үшін нормативтік
басшылыққа алу құжаттарының тізбесі.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 4.12.1992ж. N 1002 "Көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жөніндегі шаралар туралы".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Заңдары:
16.11.1999ж. N 474-1 ҚРЗ "Ең төмен күнкөріс деңгейі
туралы",
30.12.1999ж. N342-1 ҚРЗ "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы",
5.04.1999ж. N 361-1 ҚРЗ ""Халықтың жұмыспен қамтылу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы",
22.11.1999ж. N 483-1 ҚРЗ ""Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы,
21.07.1991ж. "Қазақ ССР-індегі мүгедектерді әлеуметтік қорға^ туралы",
16.11.1999ж. N 477-1 ҚРЗ "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойыниіс өзгерістер енгізу туралы".
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетініғ 22.02.1995ж. N 188 "Аз қамтылған азаматтарға жергілікті (аймақтық деңгейде арнайы әлеуметтік көмек ұйымдастырудың тәртібі тураль Үлгі ережені бекіту туралы" қаулысы.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары:
12.04.1996ж. N 437 "Коммуналдық қызмет және тұрғын үйд ұстау төлеміне көшудің жаңа тәсілдері туралы",
28.08.1997ж. N 1297 "Қазақстан Республикасы Үкіметініі 1996 жылғы 12 сәуірдегі N 437 қаулысына өзгерістер меі толықтырулар енгізу туралы",
29.05.1998ж. N 490 "Қазақстан Республикасы Министрле] Кабинетінің 1995 жылғы 22 ақпандағы N 188 қаулысына өзгерісте] енгізу туралы",
21.03.1997 ж. N 382 "Балалы отбасыларына әлеуметтік көме: көрсету туралы Ережені бекіту туралы",
7.04.1998ж. N 292 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 наурыздағы N 382 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы",
22.07.1999 ж. N 1036 "Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша тәртібін бекіту туралы".
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің шешімі:
01.09.1999 ж. N 208 "Атаулы әлеуметтік көмек көрсету
туралы".
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Экономика министрлігімен, Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2.04.1997 жылғы N 2 және Қазақстан Республикасы Ұлттық агенттігі Директорлігінің 26.03.1997 жылғы N Р-1-1/124 бұйрықтарымен бекітілген "Жиынтық табысты есептеу тәртібі туралы" нұсқау;
"Жиынтық табысты есептеу тәртібі туралы" нұсқауға өзгерістер, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.03.1998 жылғы N 3 бұйрығы.