Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей поселка для участия в сходе местного сообщества на территории поселка Ленинский города Павлодара» от 02 июля 2014 года № 283/39

Ереже · № 133/18 · қабылданған 07.04.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/02-2014-no-28339/on/2026-09-13/
Басып шығарылды 2026-09-13 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей поселка для участия в сходе местного сообщества на территории поселка Ленинский города Павлодара» от 02 июля 2014 года № 283/39 Күшін жойған Ереже ·№ 133/18 ·07.04.2022
24.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей поселка для участия в сходе местного сообщества на территории поселка Ленинский города Павлодара» от 02 июля 2014 года № 283/39

Күшін жойған Ереже ·№ 133/18 · 13.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей поселка для участия в сходе местного сообщества на территории поселка Ленинский города Павлодара» от 02 июля 2014 года № 283/39
Атауы (қаз.)
Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласы Ленин кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» 2014 жылғы 02 шілдедегі № 283/39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
133/18
Қабылданған күні
07.04.2022
Көрсетілген редакция
24.11.2023 166289_667854.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22PA13318M
ЭКБ идентификаторы
166289
Редакция идентификаторы
166289_667854
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:39

0 Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласы Ленин кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы»

2014 жылғы 02 шілдедегі № 283/39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласы Ленин кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» 2014 жылғы 02 шілдедегі № 283/39 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Павлодар қаласы Ленин кентінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласы Ленин кентінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 - тармақ алынып тасталсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Павлодар қаласы Ленин кентінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Павлодар қалалық
мәслихатының 2022 жылғы
7 сәуірдегі № 133/18
шешіміне қосымша
Павлодар қалалық
мәслихатының 2014 жылғы
2 шілдедегі № 283/39
шешімімен бекітілген
Павлодар қаласы Ленин кентінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Павлодар қаласы Ленин кентінің аумағында жергiлiктi қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткiзудiң қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзiрлендi және Павлодар қаласы Ленин кенті, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

9 2 - тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Павлодар қаласы Ленин кентінің аумағы учаскелеріне (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Павлодар қаласы Ленин кентінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Павлодар қаласы Ленин кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Павлодар қаласы Ленин кентінің әкімі ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Павлодар қаласы Ленин кентінің әкімі немесе оларға уәкілеттік берген тұлға ашады.

Павлодар қаласы Ленин кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Павлодар қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті Павлодар қаласы Ленин кентінің әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы