О внесении изменений в постановление акимата Аягозского района от 02 августа 2018 года № 591 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Аягозского района от 02 августа 2018 года № 591 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Аягөз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 тамыздағы № 591 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 470
- Қабылданған күні
- 22.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2021 135827_695059.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VF006261
- ЭКБ идентификаторы
- 135827
- Редакция идентификаторы
- 135827_695059
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:08
0 Аягөз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 тамыздағы № 591
«Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аягөз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 тамыздағы №591 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-6-177 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 10 қыркүйекте жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулыға қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
мемлекеттік тілдегі қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Сулейменовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Аягөз ауданы әкімідігінің
2019 жылғы «22» қазандағы
№ 470 қаулысына
қосымша
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Тізімдік саны
бар ұйымдар
Квота мөлшері (%)
елуден жүз адамға дейін
2
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін
3
екі жүз елу бірден артық адам
4