О внесении изменений в решение акима Алмалинского района города Алматы от 03 июля 2009 года № 91 "Об образовании избирательных участков по Алмалинскому району города Алматы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Алмалинского района города Алматы от 03 июля 2009 года № 91 "Об образовании избирательных участков по Алмалинскому району города Алматы"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 91 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру жөнінде" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 96
- Қабылданған күні
- 28.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2014 62408_155244.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11RA000917
- ЭКБ идентификаторы
- 62408
- Редакция идентификаторы
- 62408_155244
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:34
0 Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 91 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру жөнінде" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық Заңының 23 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 91 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру жөнінде» (Нормативтік – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 ж. 10 тамызда № 822 нөмірімен тіркелген, «Вечерний Алматы» газетінің 2009 жылғы 18 тамыз № 96 санында және «Алматы ақшамы» газетінің 20 тамыз 2009 жылда № 98 санында жарияланған), (17 қаңтар 2011 жылғы Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 91 «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру жөнінде» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 06 шешімімен өзгерістер енгізілген (Нормативтік – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 ж. 17 қаңтарда № 874 нөмірімен тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінің 20 қаңтар 2011 жылда № 6 (4408) санында жарияланған)) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы № 7, № 36, № 247, № 248, № 249, № 251 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Б. Бейсеуовке жүктелсін.
3 3. Осы нормативтік құқықтық акт алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
4 Алматы қаласы
Алмалы ауданы әкімінің
2011 жылғы «28» желтоқсандағы
№ 96 шешіміне № 1 қосымша
№ 7 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 66/5
Құрманғазы көшесінің қиылысы, Ахмет Жұбанов атындағы
музыкалық мектеп, телефон: 375-55-42.
Шекарасы: Клочкова көшесінен Шевченко көшесінің жұп санды жағымен Әуезов көшесіне дейін; Әуезов көшесінің тақ санды жағымен Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының тақ санды жағымен Клочкова көшесіне дейін; Клочкова көшесінің жұп санды жағымен Шевченко көшесіне дейін, Әуезов көшесіндегі, № № 64/1, 64/2, 64/3, 64/4, 66/5, және де Шевченко көшесіндегі, № 164 г үйді қоса.
№ 36 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Манас көшесі, 13,
Чайковский атындағы музыкалық колледж, телефон: 379-92-24.
Шекарасы: Әуезов көшесінен Қарасай батыр көшесінің жұп санды жағымен Текстильный көшесіне дейін; Текстильный көшесінің тақ санды жағымен Қабанбай батыр көшесіне дейін; Қабанбай батыр көшесінің жұп санды жағымен Нұрмақов көшесіне дейін; Нұрмақов көшесінің тақ санды жағымен Жамбыл көшесіне дейін; Жамбыл көшесінің жұп санды жағымен Манас көшесіне дейін; Манас көшесінің тақ санды жағымен Абай даңғылына дейін; Абай даңғылының тақ санды жағымен Әуезов көшесіне дейін; Әуезов көшесінің жұп санды жағымен Қарасай батыр көшесіне дейін; Әуезов көшесіндегі, №№ 64/1, 64/2, 64/3, 64/4, және 66/5, және де Шевченко көшесіндегі, № 164 г үйді шығара;
№ 247 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 142,
Жетысу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар орталығы, телефон: 279-35-87.
Шекарасы: Чайковский көшесінен Жібек жолы даңғылының тақ санды жағымен Масанчи көшесіне дейін; Масанчи көшесінің жұп санды жағымен Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесінің жұп санды жағымен Чайковский көшесіне дейін; Чайковский көшесінің тақ санды жағымен Жібек жолы даңғылына дейін; Масанчи көшесіндегі, №№ 3, 5 және де Мақатаев көшесіндегі, № 156 үйді қоса.
№ 248 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 113,
№ 15 лингвистикалық гимназия, телефон: 279-45-10, 279-51-10.
Шекарасы: Наурызбай батыр көшесінен Гоголь көшесінің тақ санды жағымен Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне дейін; Ахмет Байтұрсынұлы көшесінің жұп санды жағымен Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесінің жұп санды жағымен Масанчи көшесіне дейін; Масанчи көшесінің тақ санды жағымен Жібек жолы даңғылына дейін; Жібек жолы даңғылының жұп санды жағымен Наурызбай батыр көшесіне дейін; Наурызбай батыр көшесінің тақ санды жағымен Гоголь көшесіне дейін, Масанчи көшесіндегі, №№ 3, 5 және де Мақатаев көшесіндегі, № 156 үйді шығара.
№ 249 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 161,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,
телефон: 233-45-89
Шекарасы: Ахмет Байтұрсынұлы көшесінен Гоголь көшесінің тақ санды жағымен Әди Шәріпов көшесіне дейін; Әди Шәріпов көшесінің жұп санды жағымен Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесінің жұп санды жағымен Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне дейін; Ахмет Байтұрсынұлы көшесінің тақ санды жағымен Гоголь көшесіне дейін; Жібек жолы даңғылындағы №№ 151 және 153, және де Мақатаев көшесіндегі № 158 және Ахмет Байтұрсынұлы көшесіндегі № 2 үйді шығара.
№ 251 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Әди Шәріпов көшесі, 25/27,
№ 16 орта мектеп, телефон: 229-92-60, 233-75-02.
Шекарасы: Әди Шәріпов көшесінен Гоголь көшесінің тақ санды жағымен Мұратбаев көшесіне дейін; Мұратбаев көшесінің жұп санды жағымен Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесінің жұп санды жағымен Әди Шарипов көшесіне дейін; Әди Шарипов көшесінің тақ санды жағымен Гоголь көшесіне дейін; Жібек жолы даңғылындағы № 151 және 153 үйді қоса.