О внесении изменения в постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 03 февраля 2015 года № 18 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел сельского хозяйства Тимирязевского района Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 03 февраля 2015 года № 18 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел сельского хозяйства Тимирязевского района Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 18 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 87
- Қабылданған күні
- 20.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.05.2018 89687_330925.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SL003247
- ЭКБ идентификаторы
- 89687
- Редакция идентификаторы
- 89687_330925
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:25
0 «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 18 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3113 болып тіркелген, аудандық «Көтерілген тың» газетінде 2015 жылғы 28 ақпанда, аудандық «Нива» газетінде 2015 жылғы 28 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 16-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«16. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
аудан аумағында асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден, асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдайды;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады;
асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлік орталық, асыл тұқымды репродуктор және ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктерді есепке алуды жүргізеді;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік техникалық инспекциясын жүзеге асыру;
елді мекендерде ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу ережелерін әзірлеу және оларды облыс мәслихатына бекітуге енгізу;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жедел ақпаратты жинауды жүргізу;
«Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;
облыстық бюджеттен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, гербицидтерді, минералды тыңайтқыштарды, тұқым шаруашылығын және мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға барлық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.».